12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ЖАЗАСЫЗДЫҚ ЖАҢА ҚЫЛМЫС ТУДЫРАДЫ

Менталитетімізге мүлде жат педофилизм бүгінгі таңда елімізде өзекті мәселеге айналып отыр. Бүгінде үкілеп өсіріп отырған балалардың жыныстық зорлыққа ұшырауы қалыпты жағдайға айналып бара жатқандай. Жаһандану лаңкестік, экстремизм секілді қауіптермен қатар, осындай келеңсіздікті өмірімізге енгізді.

Төбе шашыңды тік тұрғызатын бұл азғындықты «мал құлағы саңырау» деп жасырып, байқамаған сыңай таныту – ақыл-есі бүтін қоғам үшін ауыр күнә. Мұның салмағы қылмыс жасаушының айыбынан да ауыр біле білгенге. Сонымен қатар бұл қылмысқа лайықты жаза алмау – азғындықтың көбейе беруінің бірден-бір себебі. Қазір осы жазасыздығына, жасаған қылмысы үшін оңай құтылатынына мастанған азғындар, тіпті, есіріп бара жатыр десек, артық айтқандық емес. Жақында Түркістан облысында орын алған оқиға – осы сөзіміздің нақты айғағы. Ауыл тұрғындарының бірінің үйінен табылған бес жасар қыздың азапталған денесі кімнің болсын ашу-ызасын тудырғаны анық. Сараптама бүлдіршіннің зорланғанын айғақтады. Күдікті бұрын сотталған 1975 жылы туған азамат болып шықты. Жігіт ағасы жасындағы оның немересіндей қыз баланы айуандықпен ажал құштыруы – адамшылықтан безу. Мұндай әрекетті ешбір сөзбен ақтау мүмкін емес. Үш жыл бұрын тағы да бес жасар қыз осындай зорлыққа ұшыраған еді. Оны да елуді еңсерген жігіт ағасы жасады. Бар болмысымен қиянатқа қалқан болуға тиіс бұл азамат та өмірдің ақ-қарасынан, зұлымдық атаулыдан мүлде хабары жоқ сәбиді аяусыз қорлап, тағдырын талқандады. Педофилияға ұшырап жатқандардың қатарында екі-үш жастағы сәбилер де бар. Олардың көбі әкесі, өгей әкесі, көрші-қолаңы немесе туыстарынан зардап шегуде. «Үнсіз қалма» қоғамдық қоры өкілдерінің айтуынша, жылына полицияға педофилияға қатысты 800-ден астам арыз түседі. Ресми статистика бойынша, соңғы төрт жарым жылда Қазақстанда кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыс жасағаны үшін 1868 адам кінәлі деп танылған. Алайда олардың үштен біріне жуығы жасаған қылмысына сай жазасын алмаған. Төрттен сәл ғана көп бөлігі, яғни 539 адам, 10 жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан айырылыпты. Түрмеде жазасын тартып жатқандардың қатары екі мыңның ар жақ, бер жағында. Бұл статистика биыл Парламент Мәжілісінде өткен әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру мәселесіне арналған жиындағы Нартай Сәрсенғалиев бөліскен деректерден алшақ емес. Депутаттың айтуынша, 2019 жылы Қазақстанда құқық қорғаушылар 2800 зорлаушыны, балаларды зорлаған 1350 педофилді тіркеді. 2021 жылы колонияларда 1861 педофил жазасын өтеген. Сол жылы бас бостандығынан айыру орындарындағы 50 педофил босатылды деген ақпарат тараған. Мұны Ішкі істер министрлігінің мамыр айында берген мәліметі де айғақтай түседі. Биылғы жылдың осы уақытқа дейінгі көрсеткіші бойынша балаларға қарсы қылмыс жасаған 352 адам ғана пробация қызметінің есебіне алыныпты. 2022 жылдан бері 114 сотталушыға электронды бақылау құралдары қолданылған. Ал, Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен жылы 31 педофилге химиялық кастрация жасалған. Бұл санның содан бері өсе қоймағаны анық. Яғни, көріп отырғанымыздай, көбейіп бара жатқан педофилия тиісті деңгейде жазаланбайды. Бұған, әрине, заңның солқылдақтығы себеп. Еліміздің тиісті низамында педофилия деген нақты атау жоқ. Кәмелет жасына толмағандарға жыныстық зорлық жасағандар Қылмыстық кодекстің «Зорлау», «Сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері», «Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау» және тағы басқа баптар бойынша жауапкершілікке тартылатыны айтылған. 2019 жылдың соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев зорлау қылмысын жасағандарға жазаны күшейту туралы заңға қол қойды. Соған орай кәмелет жасына толмаған балаларға жасалған сексуалды сипаттағы іс-әрекет аса ауыр қылмыс түріне жатқызылып, қылмысы дәлелденген адамға 20 жыл немесе өмір бойы бостандығынан айыру жазасы белгіленді. Алайда, бұл жазаның қолданылуы сирек. Педофилдердің кейбірі небары 3 жылға бас бостандығынан шектелген. Яғни, сәбилерді азғындық жолға итермелеген, кейбірін зорлағандар түрмеге отырмаған, тек пробациялық бақылауға алынған. Қылмыскерлердің жазадан құтылып кеткен жағдайлары көп болды. Мысалы, Сәтбаев қаласындағы аталмыш жағдайға байланысты қандай жаза қолданылғаны беймәлім. Ал, химиялық кастрация қылмыскер бұл әрекетті бірнеше рет қайталаса ғана жасалады. Оның өзінде дәрігерлермен кеңесе отырып, кастрация қылмыскердің денсаулығына кері әсері тимейтіндігі айқындалғанда ғана жүзеге асырылады. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде бұл шара сирек қолданылады. Сонымен қатар, жазасын өтеп келгендерге ол қолданылмайды. Статистикаға сәйкес, 97% жағдайда педофил бостандыққа шыққаннан кейін бірінші жыл ішінде балаға екінші рет қайта шабуыл жасайды екен. Демек, педофилия жалғаса бермек. Сондықтан зорлаушылар біздің елімізде еркін өмір сүреді. Мұндай қылмыс сирек болатын кеңестік дәуірде оны жасағандар өлім жазасына кесіліп немесе ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылатын еді. Күнделікті тәжірибе көрсетіп отырғандай, БАҚ-қа белгілі болған зорлық-зомбылық істер ғана сотқа жетеді. Халықтың ашу-ызасы болмаса, қылмыскерлердің ізі суып, іс жабылып қалады. Сондықтан халық педофилдердің жазаланатынына сенбейді. Сарыағаш өңірінің тұрғындары жасаған әрекеттен де осы сенімсіздік анық аңғарылды. Жергілікті халық үш жыл бұрынғы Сәтбаевта болған оқиға секілді педофилияға күдіктіні полициядан қайтарып алуға, оның жазасын өздері беруге әрекеттенді. Осы жағдайдан кейін көптеген азаматтар өлім жазасын қайтаруды талап ете бастады. Бұл талаптың орындылығын бірқатар заңгерлер де құптауда. Мәселен, белгілі заңгер Ләззат Ахатова әлеуметтік желідегі парақшасында: «Менің үш жылдан бергі пікірім және арманым – педофилдерге өлім жазасын енгізу. Қылмыс үстінде, бұлтартпас айғақпен ұсталса, сәбиге, балаға қатысты қылмыс жасаған қылмыскерлерге ешқандай аяушылық білдірмеу керек! Тап осы ретте заңдағы гуманизм мен құқықтық зайырлы мемлекет екенімізді айтудың еш мәні жоқ. Тура бір барлық істерде заңды бұлжытпай орындап жүрген сияқтымыз. Эмоцияға берілуге болмайтын кез бар және эмоцияны шектеу ары қарай мүмкін емес кез бар.. Мынадай жағдайлардың көбеюі соңғысына жатады. Бұдан ары қарай ақылға жеңдіру, заңды сыйлау, эмоцияға берілмеу мүмкін емес жайтқа айналып бара жатыр! Оны бала өсіріп отырған әрбір ата-ана түсінеді. Педофил деген – бастан кеткен, психикасы ауытқыған ауру адам. Сол аурулар біздің сау болашағымызды талқандап жатыр! Сол науқастардың кесірінен өмір сүру, бала табу күннен-күнге қорқынышты боп барады. Ондай ауруларды қоғамнан алшақтау керек! Тіпті қара нан мен қара судың өзін ондайларға беріп, асыраудың қажеті жоқ! Балаға қарсы қылмыс, бала зорлау фактісіне ізгілік, гуманизм танытудың көк тиынға керегі жоқ! Ол баптар бойынша заңды барынша қатайту керек!» – деп жазды. Тағы бір белгілі адвокат Думан Көпбаев та осындай ұстанымда. Ол: «Педофилдерді өмір бойына бас бостандығынан айыру керек. Елімізде педофилдерге жаза жеңіл. Ал өлім жазасын қайтару маңызды», – дейді. Бұлай етпеген жағдайда халық бұл мәселені өзі шешуге мәжбүр екендігін айтады қорғаушы. Тек қатаң жаза ғана жыныстық зорлық-зомбылықтың бұл толқынын тоқтата алады. Бұл – әлемдік тәжірибе. Тіпті, сексуалдық төңкеріс болып, балаларды жастайынан жыныстық қатынасқа үйретуді бастаған Батыс елдерінде мұндай қылмысты жасағандар өлім жазасына кесіледі. Ал Африкада педофилдерді тірідей өртеп жібереді. Өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап Чехия, Германия және АҚШ-та химиялық кастрациямен қатар хирургиялық кастрацияны енгізген. Бізде де осындай шаралар қарастырылуы керек. Сонымен бірге, елдегі бүкіл педофилдердің аты-жөні нақты анықталып, ақпараттық базада ашық тұруы қажет. Халық олардың аты-жөнін біліп, сақтанып жүруі тиіс. Түркия бүгінде осындай жолмен едәуір нәтижеге жетіп отыр екен. Алайда мұның бәрі мәселені түпкілікті шеше алмасы анық. Бұл тұрғыда салдармен ғана емес, себеппен де күресу өте маңызды. Жалпы, мамандар пікірлеріне сүйенер болсақ, мұндай қылмысқа әсер ететін факторлар өте көп. Олардың айтуынша, аналардың жүкті кезінде ішімдікке, есірткіге, темекіге үйірлігінен баланың кейбір нейрондарының бұзылуы, балаларға жасалатын сексуалды қысым, әйел алдында өзін көрсете алмау сенімсіздігі осы қадамға жетелеуі мүмкін. Сондықтан педофилия туабітті де, жүре келе де пайда болатын ауытқу болуы әбден мүмкін. Осының өзі бұл мәселенің жан-жақты зерттеліп, осы мәселемен тікелей айналысатын кәсіби мамандарды дайындаудың өзектілігін көрсетеді.

А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА, «Заң газеті»

Электросамокаттар көлікке теңестіріледі: Жаңа ереже не береді, не шектейді?

Қазақстан қалаларында электросамокатқа міну күнделікті көрініске айналды. Бірі оны кептелістен құтқаратын ыңғайлы көлік деп санаса, енді бірі жаяу жүргінші үшін қауіпті құралға айналды деп есептейді. Соңғы жылдары жол-көлік оқиғаларының артуы, тәртіпсіздік пен жауапсыздық қоғамда қызу талқыланып келеді.

2026 жылы табысты қалай дұрыс декларациялау керек?

2026 жылдан бастап Қазақстанда жеке табысты декларациялау тәртібі бұрынғыдан да өзекті бола түсті. Мемлекет қаржылық ашықтықты арттыру мақсатында азаматтардан табыс көздерін заңды түрде көрсетуін талап етіп отыр.

Олимпиада-2026: Жеңімпаз спортшыға қанша сыйақы беріледі

7 ақпанда 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары басталды. Жарыстардың басталуымен бірге қазақстандық спортшылардың сәтті өнері үшін мемлекет тарапынан қарастырылған сыйақы мөлшері де белгілі болды.

Алматыда ақылды көлік жүйесі кезең-кезеңімен енгізілуде

Алматыда цифрландыруды дамыту және жасанды интеллект технологияларын енгізу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2026 жыл елімізде ресми түрде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды.

На грани безработицы

ПАРЛАМЕНТАРИИ ПРЕДУПРЕДИЛИ О РИСКАХ РОСТА БЕЗРАБОТИЦЫ И УСИЛЕНИЯ СОЦИАЛЬНОГО НАПРЯЖЕНИЯ В СЕЛЬСКОЙ МЕСТНОСТИ В СВЯЗИ С ИЗМЕНЕНИЯМИ ПОРЯДКА ОРГАНИЗАЦИИ ОПЛАЧИВАЕМЫХ ОБЩЕСТВЕННЫХ РАБОТ.