Бүгін елімізде Абай күні тойланады

10 тамызда қазақстандықтар дәстүрлі түрде Абай күнін тойлайды. Қазақ әдебиетінің қара сөз шебері Абай Құнанбаевтың туған күні ресми мереке күні болып бекітілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа мереке 2020 жылы қазақтың ұлы ақынының 175 жылдық мерейтойы тойланған кезде бекітілді. Сол жылдың 5 тамызында бұл күн мерекелердің ресми тізіміне енді.

Мереке күні демалыс болмайды.

«Ақынның шығармалары он тілге аударылып, әлемнің ең таңдаулы кітапханаларына жіберілді. Шетелдегі елшіліктерімізде Абай орталықтары ашылды. Бірақ бұл алғашқы қадам ғана. Болашақта бұдан ары қарай дамитын болады деп ойлаймын. Абай институттарын ашатын боламыз. Қазақ қоғамының қалыптасуында ерекше рөл атқарған Семей қаласы тарихи орталық болып танылды. Осының барлығы өскелең ұрпақтың баға жетпес асыл мұраларымен таныстыру мақсатында жасалды. Абай философиясын түркі әлеміне ілгерілетуде айтарлықтай жетістіктерге жеттік», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, Абай – мемлекет мүддесінің қорғаушысы, халық бірлігі идеясының жақтаушысы. Ол өз шығармаларымен еліміздің дамуына үлкен үлес қосты.

Абай Құнанбаев – қазақтың ақыны, композиторы, ағартушы, ойшылы, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы және тұңғыш классигі, ағартушылық исламға негізделген еуропалық мәдениетпен жақындасу рухындағы мәдени реформатор.

Джулиан күнтізбесі бойынша Абайдың туған күні 1845 жылдың 10 тамызы, қазіргі қолданылып жүрген Григориан күнтізбесі бойынша 1845 жылдың 23 тамызы.

Бұған дейін қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Абай Құнанбаевтың құрметіне флешмоб ұйымдастырған болатын.

«Абайдың кез келген өлеңін оқып, осы видеоның астына #AbayChallenge хэштегімен жариялау керек. Белсенділіктеріңізге сенемін, достар», — деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Астана мен Алматыда Жеңіс күніне орай ардагерлер қанша теңгеден алды?

2026 жылы Астана және Алматы әкімдіктері Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 9 мамырға орай берілетін төлемдер бөлді.

Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды 

Соңғы төрт жыл ішінде Қазақстанда бұрын пайдаланылмаған немесе заң бұзушылықтармен берілген 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

1 шілдеден кейін несие алу қиындайды: Жаңа талаптар халыққа қалай әсер етпек 

Ұлттық банк қарыз беру жүйесіне жаңа макроэкономикалық құрал – қарыздың табысқа қатынасы коэффициентін енгізуді жоспарлап отыр.

Новый алгоритм защиты детей 

В КАЗАХСТАНЕ ВВЕДЕН МЕЖВЕДОМСТВЕННЫЙ АЛГОРИТМ ПО БОРЬБЕ С БУЛЛИНГОМ, НАСИЛИЕМ И ЖЕСТОКИМ ОБРАЩЕНИЕМ С ДЕТЬМИ.