Алматыда урбанистика басқармасының бұрынғы басшысы Алмасхан Ахмеджанов 2 айға қамауға алынды

Алматы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының бұрынғы басшысы Алмасхан Ахмеджанов екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотында мәлім болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 18 шілдедегі қаулысы бойынша соталды тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылып, күдікті А.-ға қатысты бұлтартпау шарасы қолданылып, 2 ай мерзімге, 16 қыркүйекке дейін қамауға алынды», — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, осыған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласы құрылыс басқармасының бұрынғы басшысының ұсталғаны туралы хабарлаған болатын. Ведомство мәліметінше, шенеунік жер телімдерін беру және нысандардың құрылысына рұқсат беру кезінде қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген.

Астана мен Алматыда Жеңіс күніне орай ардагерлер қанша теңгеден алды?

2026 жылы Астана және Алматы әкімдіктері Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 9 мамырға орай берілетін төлемдер бөлді.

Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды 

Соңғы төрт жыл ішінде Қазақстанда бұрын пайдаланылмаған немесе заң бұзушылықтармен берілген 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

1 шілдеден кейін несие алу қиындайды: Жаңа талаптар халыққа қалай әсер етпек 

Ұлттық банк қарыз беру жүйесіне жаңа макроэкономикалық құрал – қарыздың табысқа қатынасы коэффициентін енгізуді жоспарлап отыр.

Новый алгоритм защиты детей 

В КАЗАХСТАНЕ ВВЕДЕН МЕЖВЕДОМСТВЕННЫЙ АЛГОРИТМ ПО БОРЬБЕ С БУЛЛИНГОМ, НАСИЛИЕМ И ЖЕСТОКИМ ОБРАЩЕНИЕМ С ДЕТЬМИ.