Қазақстанда жыл басынан бері терроризм туралы істер бойынша 30-дан аса адам ұсталды — ҰҚК

Қазақстанда жыл басынан бері терроризм туралы істер бойынша 30-дан аса адам ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

12023 жылдың басынан ҰҚК террорға қарсы бөлімшелері террористік сипаттағы қылмыстарды жасады деген күдікпен еліміздің 31 тұрғынын және шетелдікті ұстады. Осы кезеңде сот органдары осы деректер бойынша тағы да 10 адамды әртүрлі мерзімдерге бас бостандығынан айырды», — делінген хабарламада.

ҰҚК мәліметінше, Атырау облысының тұрғыны «Т»-ға қатысты терроризмді насихаттау дерегі бойынша 5 жылға бас бостандығынан айыру туралы Атырау қаласының №2 сотының үкімі заңды күшіне енген. Тергеу барысында оның белсенді түрде дін ұстанушылар арасында радикал идеологияны таратқаны және еліміздің азаматтарына қатысты зорлық іс-әрекеттер жасауға үгіттегені дәлелденген.

«Сонымен қатар, Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық соты осыған ұқсас фактілер бойынша халықаралық террористік ұйымдары уағызшыларының ықпалына түскен Шымкент қаласының 2 тұрғынын 7 жылға бас бостандығынан айыруға жазалады», — делінген хабарламада.

Тергеу барысында олардың әлеуметтік желілер арқылы терроризм идеологиясын насихаттағандары, сонымен қатар террористік тұрғыдан белсенді аймақтарға жету үшін шетелдік содырлармен байланыс орнатпақ болғандары анықталды.

Олардың кінәсі куәгерлердің көрсетулерімен, заттай айғақтармен және өзге де материалдармен толық дәлелденгені айтылды.

Алматыда Қала күніне арналған іс-шараларға 1 млн-нан астам тұрғын мен қонақ қатысты

Алматыда Қала күнін екі күн бойы мерекелеу аяқталды. 19 және 20 қыркүйекте қаланың негізгі алаңдарында және барлық сегіз ауданда концерттер, фестивальдер, көрмелер, спорттық және шығармашылық іс-шаралар өтті.

Ғалымдар Жердің пішіні өзгеріп жатқанын анықтады 

Грек ғалымы Жердің пішінінде елеулі геофизикалық өзгерістер болып жатқанын анықтады. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, Жердің экватор маңындағы аймақтары біртіндеп төмендеп, полюстерге жақын өңірлер көтеріліп келеді.

Нейрожелілер даркнеттен қауіпті ме? Сарапшылар ЖИ-ге қандай ақпаратты жүктемеу керегін айтты 

Даркнет әлі де бар және ақпаратпен жасырын алмасуға арналған алаң ретінде пайдаланылып келеді.

Бүгін еліміздің тоғыз қаласында ауа ластанады 

Қазақстанның тоғыз қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қазақстанда ішкі туризм жеті жылда екі есе өсті – Туризм министрлігі 

Қазақстанда соңғы жеті жылда ішкі туристер саны 8,5 миллионға жетіп, мемлекеттік бюджетке 630 миллиард теңге табыс әкелді.