МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА БЕРІЛГЕН ЖАҢА МҮМКІНДІК

Мемлекет басшысы өткен аптада «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» заңға қол қойды. Ерекше қажеттілігі бар адамдарға ғана емес, қоғамның өзге де мүшелері үшін ерекше маңызы бар бұл заңның жобасын Парламент Мәжілісінің қарауына енгізу туралы Үкімет қаулысы 2021 жылдың 24 тамызында шыққан болатын.

Жалпы ҚР Президенті «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға және Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттамаға қол қою туралы» Жарлыққа 2008 жылғы 11 желтоқсанда қол қойған. Онда БҰҰ Бас Ассамблеясы 2006 жылғы 13 желтоқсанда Нью-Йорк қаласында қабылдаған «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға және Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттамаға Қазақстан атынан қол қоюға өкілеттік Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Бірғаным Әйтімоваға берілген болатын. Конвенцияның мақсаты барша мүгедектердің барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын толық және тең дәрежеде іске асыруын көтермелеуден, қорғаудан және қамтамасыз етуден, сондай-ақ оларға тән қадір-қасиетті құрметтеуді қалыптастырудан тұрады. Заңда мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүруіне кедергі келтіретін мәселелер жан-жақты ескерілген. «Жалпы міндеттемелер» туралы 4-бап бойынша: Қатысушы мемлекеттер барша мүгедектердің барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын мүгедектік белгісі бойынша ешқандай да кемсітусіз толық жүзеге асыруын қамтамасыз етуге және көтермелеуге міндеттенеді. Осы мақсатта қатысушы мемлекеттер: конвенцияда танылатын құқықтарды іске асыру үшін барлық тиісті заңнамалық, әкімшілік және өзге де шараларды қабылдауға; мүгедектерге қатысты кемсітуші болып табылатын қолданылып жүрген заңдарды, қаулыларды, дәстүрлер мен ұстанымдарды өзгерту немесе жою үшін барлық тиісті, оның ішінде заңнамалық шешім қабылдауға; барлық стратегия мен бағдарламада мүгедектердің адам құқығының қорғалуы мен көтермеленуін ескеруге; конвенцияға сәйкес келмейтін кез келген іс-әрекеттен және әдістерден қалыс қалуға және мемлекеттік органдар мен мекемелердің конвенцияға сәйкес іс-қимыл жасауын қамтамасыз етуге тиіс екені бекітілген. Сонымен қатар мүгедектердің ұтқырлығын жеңілдететін құралдар, құрылғылар мен ассистивті технологиялар, сондай-ақ, көмектің басқа түрлері, қосалқы қызметтер және объектілер туралы қолжетімді ақпарат беруге; мүгедектермен жұмыс істейтін адамдарға осы Конвенцияда танылған құқықтарды оқытуды, кепілдік берілген көмек және қызмет көрсетуді жетілдіру міндеті жүктелді. Конвенцияны іске асыруға бағытталған заңнаманы және стратегияны әзірлеу әрі пайдалану кезінде және мүгедектерге қатысты мәселелер бойынша шешімдер қабылдаудың басқа процестері шеңберінде қатысушы мемлекеттер мүгедектермен, мүгедек балалармен тығыз консультация жасайды және олардың өкілді ұйымдары арқылы оларды белсенді түрде тартады. «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» заңның қабылдануы қоғамдағы мүгедектерге қатысты көзқарасты түбегейлі өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл ерекше қажеттілігі бар адамдардың әлеуетін тиімді пайдалануға және өз құқығының қорғалуын мемлекеттік органдарда ғана емес, халықаралық деңгейде де талап етуіне жол ашады.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Қазақстанда 16 жасқа толмаған балалардың аккаунты уақытша бұғатталуы мүмкін

Олжас Бектенов 16 жасқа толмаған балалардың әлеужеліге кіруіне шектеу қоюға қатысты заң жобасының әзірленіп жатқанын айтты.

Қазақстан-Оман: Маңызды құжаттарға қол қойылады 

Оман Сұлтанының елімізге сапары аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізу, бірқатар маңызды құжатқа қол қою жоспарланып отыр.

Елімізде ауа райы күрт бұзылып, өңірлерде қар аралас жауын-шашын түседі

«Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша 2026 жылғы 6-8 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қорғаныс министрлігінің тексерісінен кейін 13 қылмыстық іс қозғалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қорғаныс министрлігінің ауқымды тексерісінің алғашқы нәтижелері...

Азиада-2026: Қазақстанның спортшыларына қанша сыйақы беріледі?

ҚР Туризм және спорт министрлігінің бұйрығына сәйкес, Азия ойындарында алтын медаль иеленген спортшыға 10 мың доллар, күміс жүлдегерге 5 мың доллар, ал қола медаль иегеріне 3 мың доллар көлемінде сыйақы қарастырылған