19 мамырға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 19 мамырда елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауатынын және жел соғатынын болжады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с-қа жетеді.

Астанада шығыстан жел соғады, күндіз екпіні — 15-20 м/с.

Қостанай облысының түнде солтүстігінде, шығысында, күндіз оңтүстік жартысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Шығыстан жел соғады облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні — 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың шығысында, таулы аудандарында, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с-қа жетеді.

Алматыда найзағай ойнап, бұршақ жауады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, батысында, күндіз басым бөлігінде найзағай.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с-қа жетеді. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі бар.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде найзағай. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с-қа жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, дауыл болады. Жел оңтүстіктен соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі бар.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында да найзағай. Шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 23 м/с-қа жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік болады.

Ұлытау облысының басым бөлігінде найзағай ойнайды. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі бар.

Түркістан облысының таулы аудандарында кей уақытта нөсер жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл, таулы аудандарда бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні — 15-20 м/с.

Шымкентте найзағай ойнап, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні — 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында 2 градус үсік болады.

Павлодар облыстың оңтүстік-шығысында, күндіз облысының басым бөлігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетіндегі 1 градус үсік болады. Облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі бар.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Жетісу облысының шығысында, күндіз оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні — 15-20, Алакөл көлдері ауданында 25 м/с.

Қазақстанда ішкі туризм жеті жылда екі есе өсті – Туризм министрлігі 

Қазақстанда соңғы жеті жылда ішкі туристер саны 8,5 миллионға жетіп, мемлекеттік бюджетке 630 миллиард теңге табыс әкелді.

Елімізде тұмауға қарсы вакцинация басталды. Кімдерге тегін салады?

Вакцинация ең алдымен тұмауды жұқтыру немесе аурудың асқыну қаупі жоғары азаматтарды қамтиды. Екпе медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тегін жасалады.

Жер сілкінісі, су тасқыны мен өрттен баспананы сақтандыру: Тұрғын үй иелері нені білуі керек? 

Жер сілкінісі, су тасқыны немесе өрт сияқты төтенше жағдайлар тұрғын үйге орасан шығын келтіруі мүмкін. Мұндай тәуекелдерден қорғанудың бір жолы – баспананы сақтандыру.

Қазан айында ауа райы қандай болады? – Синоптиктер болжамы 

«Қазгидромет» болжамы бойынша, елдің басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы климаттық нормадан 1-2 °C жоғары болады.

Алматыда көмір жағуға тыйым салынады: жаңа ереже қашан күшіне енеді?

Алматыда газ берілген аумақтардағы жеке үйлер мен моншаларда көмір, ағаш және басқа да қатты әрі сұйық отынды пайдалануға шектеу енгізіледі. Жаңа талап 2026 жылғы 30 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.