Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовқа 9 мамырда Мәскеуде (Ресей) өтетін парадқа қатысу жоспары бар ма деген сұрақ қойылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«9 мамырда Мәскеуге барасыз ба?» – деп сұрады журналистер Ақорда кулуарында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмонмен кездесуі алдында министрден.
«Жоқ. Білсеңіздер, ертең Жоғарғы Бас қолбасшымыздың басшылығымен жалпы армиялық жиналыс өткізу жоспарланған».


