Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады?

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұратыны туралы мәліметті жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бюроның мәліметінше, қазір Қазақстан халқының саны — 19 808 430 адам.

«Оның ішінде 70,6 пайызы – қазақтар, орыс халқының үлесі – 15,1 пайыз, өзбектер – 3,2 пайыз, украиндар – 1,9 пайыз, ұйғырлар – 1,5 пайыз, немістер – 1,1 пайыз, татарлар – 1,1 пайыз, әзербайжандар – 0,7 пайыз, кәрістер – 0,6 пайыз және басқа ұлттар», — делінген хабарламада.

Қазақтардың ең көп саны Түркістан облысында – 1,5 миллион, орыстардың жалпы санынан көпшілігі — 428 мыңы Алматыда тұрады, өзбектер Түркістан облысында – 378 мың адам, украиндар Қостанай облысында – 86 мың, 297 мың ұйғырдың басым бөлігі Алматы облысында – 120 мың адам.

«Біздің елімізде гагауздар, лезгиндер, құмықтар, аварлар сияқты этностардың да өкілдері бар, Қазақстанда 124 ұлт өкілі тұрады», — делінген хабарламада.

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Білім министрі 2026 жылғы 29 мамырдағы бұйрықпен жаңа редакцияда педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ педагог қызметін курстан кейінгі сүйемелдеу қағидаларын бекітті.

Зейнетақы жинағын пайдалану шегі неге өсті? Қаржыгер түсіндірді

Қазақстанда зейнетақы жинағын пайдалану үшін ең төменгі жеткілікті шекті өсіру қажет. Өйткені зейнетақы жинағы адамның болашақтағы зейнетақысын қамтамасыз етуге жеткілікті болуы керек.

Қазақстанның оңтүстігіндегі бір аудан ішімдік сатудан бас тартты

Қызылорда облысының Жалағаш ауданында ауылдар ішімдік сатудан ерікті түрде бас тартты.

Филиппинде қуатты жер сілкінісі болды 

Жерасты дүмпулері Филиппиннің оңтүстігіндегі Минданао аралы жағалауында тіркелген.

Болашақ зейнетақыны бүгіннен жоспарлауға бола ма? 

Қазақстандықтар болашақ зейнетақысының көлемін алдын ала есептей алады.