12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қасым-Жомарт Тоқаев арандатушылар туралы: Шетелден әрекет етеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық қоғамға алауыздық тудыратын жалған арандатушылықтардың авторлары көп жағдайда шетелден әрекет ететінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы түрлі бұрмалаулар немесе жалған және деструктив басылымдар көбейгенін мәлімдеді.

«Бірлігіміз бен ынтымағымызға нұқсан келтіруге бағытталған кез келген арандатушылықтарды табанды түрде тоқтату керек. Қоғамдық ортада түрлі бұрмалаулар немесе жалған, деструктив басылымдар санының айтарлықтай артқанын көріп отырмыз. Олардың авторларының басым көпшілігінің Қазақстанға еш қатысы жоқ, шетелден әрекет ете отырып, қоғамымызға алауыздық тұқымын себуге тырысады. Олардың сөздері мен әрекеттері сенімсіздік атмосферасын тудыруға, адамдар арасында алауыздық тудыруға, мемлекеттік қауіпсіздікке нұқсан келтіруге бағытталған, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ол осындай тенденцияларды ескере отырып, арам пиғылды адамдардың әрекетімен қылмыстық немесе тұрмыстық сипатта болған кез келген оқиға ұлтаралық деңгейге өтіп, ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін екенін баса айтты.

«Сондықтан біз саналы азамат бола отырып, радикализм, экстремизм және сепаратизмнің кез келген көріністеріне тойтарыс беріп, қатал, түптеп келгенде әділ болуымыз керек», — деді Мемлекет басшысы.

На грани безработицы

ПАРЛАМЕНТАРИИ ПРЕДУПРЕДИЛИ О РИСКАХ РОСТА БЕЗРАБОТИЦЫ И УСИЛЕНИЯ СОЦИАЛЬНОГО НАПРЯЖЕНИЯ В СЕЛЬСКОЙ МЕСТНОСТИ В СВЯЗИ С ИЗМЕНЕНИЯМИ ПОРЯДКА ОРГАНИЗАЦИИ ОПЛАЧИВАЕМЫХ ОБЩЕСТВЕННЫХ РАБОТ.

Перизат Қайрат колонияда жұмыс істей ме?

Жарты жыл бұрын Перизат Қайрат алаяқтық қылмысына байланысты 10 жылға сотталды.

2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді

Алматы қаласы 2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындарының ресми ұйымдастырушысы болып бекітілді.

Астанада оқушылар түстен кейін онлайн оқитын болды

Бұл туралы қаланың білім басқармасы мәлімдеді.

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары лауазымына тағайындалды,