Автокөлікті заңдастыру: қосалқы бөлшек ретінде әкелінген көліктер қашан рәсімделе бастайды?

Ішкі істер министрлігі 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруды жалғастырып жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«23 қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейін алдын ала онлайн тексеруден өтіп, 200 мыңға жуық автокөлік заңдастыруға мақұлданып, оның ішінде 100 мыңнан астам көлік құралы заңдастырылды.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі қосалқы бөлшектер ретінде әкелінген автокөліктерді заңдастыру шарттарын айқындайтын Үкімет қаулысының жобасын әзірледі. Жоба Үкіметтің қарауына енгізіліп, оған келесі аптада қол қойылады деп күтілуде.

Үкімет қаулысына қол қойылғаннан кейін бірінші ресми жарияланған күнінен бастап 10 күн өткен соң ол қолданысқа енгізіліп, содан кейін біз автоконструкторларды тіркеуге алуға кірісеміз, – деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.

Қазақстанда 16 жасқа толмаған балалардың аккаунты уақытша бұғатталуы мүмкін

Олжас Бектенов 16 жасқа толмаған балалардың әлеужеліге кіруіне шектеу қоюға қатысты заң жобасының әзірленіп жатқанын айтты.

Қазақстан-Оман: Маңызды құжаттарға қол қойылады 

Оман Сұлтанының елімізге сапары аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізу, бірқатар маңызды құжатқа қол қою жоспарланып отыр.

Елімізде ауа райы күрт бұзылып, өңірлерде қар аралас жауын-шашын түседі

«Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша 2026 жылғы 6-8 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қорғаныс министрлігінің тексерісінен кейін 13 қылмыстық іс қозғалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қорғаныс министрлігінің ауқымды тексерісінің алғашқы нәтижелері...

Азиада-2026: Қазақстанның спортшыларына қанша сыйақы беріледі?

ҚР Туризм және спорт министрлігінің бұйрығына сәйкес, Азия ойындарында алтын медаль иеленген спортшыға 10 мың доллар, күміс жүлдегерге 5 мың доллар, ал қола медаль иегеріне 3 мың доллар көлемінде сыйақы қарастырылған