Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге үй беріле бастады

Түркияда жойқын жер сілкінісінен зардап шеккендерге үй беріле бастады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Анадолу» сайтына сілтеме жасап.

Жаңа пәтерлердің кілтін тұрғындарға ел президенті Реждеп Тайып Ердоған табыстаған.

«Жойқын жер сілкінісінен кейін 15 күннен соң жаңа жеке үйлердің іргетасы қалана бастады. Жалпы 507 мың пәтер салынады. Оның 319 мыңы биыл беріледі. 60 мыңға жуық пәтердің іргетасы қаланды. Жұмыс тоқтаусыз жүріп жатыр. Мақсатымыз — жер сілкінісінен зардап шеккен тұрғындарға барлық жағдайы жасалған, заманауи баспана салып беру», — дейді президент.

Ердоған қаладағы инфрақұрылым да жаңаратынын атап өтті. Оның сөзінше, бұл бағытта бірнеше мемлекеттік бағдарлама қабылданған.

Еске салайық, биыл 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында 7,7 және 7,6 балдық жер сілкінісі болған еді. Соңғы деректер бойынша, зілзала салдарынан 50 783 адам қаза тапқан.

Қазақстанда 16 жасқа толмаған балалардың аккаунты уақытша бұғатталуы мүмкін

Олжас Бектенов 16 жасқа толмаған балалардың әлеужеліге кіруіне шектеу қоюға қатысты заң жобасының әзірленіп жатқанын айтты.

Қазақстан-Оман: Маңызды құжаттарға қол қойылады 

Оман Сұлтанының елімізге сапары аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізу, бірқатар маңызды құжатқа қол қою жоспарланып отыр.

Елімізде ауа райы күрт бұзылып, өңірлерде қар аралас жауын-шашын түседі

«Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша 2026 жылғы 6-8 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қорғаныс министрлігінің тексерісінен кейін 13 қылмыстық іс қозғалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қорғаныс министрлігінің ауқымды тексерісінің алғашқы нәтижелері...

Азиада-2026: Қазақстанның спортшыларына қанша сыйақы беріледі?

ҚР Туризм және спорт министрлігінің бұйрығына сәйкес, Азия ойындарында алтын медаль иеленген спортшыға 10 мың доллар, күміс жүлдегерге 5 мың доллар, ал қола медаль иегеріне 3 мың доллар көлемінде сыйақы қарастырылған