12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Есірткі – қоғам дерті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 02.09.2019 жылғы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында есірткімен байланысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайту қажеттігін және бұл қылмысты террористік әрекетке теңестіруге болатындығын айтқан.

Қазіргі заманда елімізде нашақорлыққа қарсы қылмыс ең күрделі мәселесі болып табылады.

Нашақорлық — қоғамды толғандыратын ең өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі, ал ең қауіпті қылмыстардың бірі-есірткі заттарын сату. Өйткені қоғамымызда бұл зиянды затқа құмарлық танытушылар саны күн санап көбеюде. Адам денсаулығын құртып, сананы улайтын аталмаш затқа әсіресе жастар мен жас балалардың әуес болуы үлкен алаңдаушылық туғызады.

Біздің еліміз көптеген халықаралық есірткіге қарсы жобаларға қатысады, елде халықаралық операцияларды ұйымдастыру, транзит арналарын жою және трансұлттық қылмыстық топтардың жолын кесу үшін құқықтық құралдар жасалды. Құқық қорғау органдары осы зұлымдықтың таралуына қарсы тиімді күресті ұйымдастыруда дәйекті шаралар қабылдауда.

«Есірткі» (наркотик) — сөзі гректің «narkotikos» сөзінен шыққан, яғни «елітетін», «мас ететін» деген мағынаны білдіреді. Есірткі құралдарына – табиғаты әр түрлі заттар тобының түрлері болып саналатын бүтіндей өсімдіктер, яғни сора, көкнәр, эфедраның ұнтақталған бөліктері кіреді. Оның ішінде сора өсімдігінен (марихуана, гашиш), көкнәрдан (апиын), заңсыз дайындалған синтетикалық есірткі құралдары (героин, амфетамин және оның туындылары) жатады. Бұларды өз бетінше, медициналық мақсаттан бөлек теріс пайдалану – нашақорлыққа соқтырады.

Нашақорлық дегеніміз – адамның есірткіге тәуелділігі. Бұл дерт организмнің тіршілік етуі үзілмей, оны белгілі дәрежеде ұстап тұрып есірткіні үнемі тұтынуға және дене мен жүйке қызметінің әбден әлсіреуіне алып келеді.

Нашақорлық адамзат баласының денсаулығы мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатердің бірі десем қателеспеймін.

Қазір әр елде есірткі мәселесін шешу үшін көптеген шаралар қабылданған. Есірткіге байланысты қылмыстарға күрес жүргізу, әрине, ең алдымен, өзінің тұтынуы үшін сатып алатын адамдарды емес, есірткі бизнесін ұйымдастырушыларды, таратушылар мен сатушыларды анықтап, жолын кесуге, осы арам бизнесті дөңгелетіп отырған тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке  тартып, әділ жаза тағайындауда.

 Ал, есірткіні өзі тұтынатын адамдарға қатысты мемлекеттік деңгейде шара қолданылып, оларды мәжбүрлі түрде емдеу мәселесін қолға алу керек.

Осы орайда оқырмандарымызға психотроптық заттар және прекурсорлар дегеніміз не екендігі туралы қысқаша түсінік бере кетейін.

Психотроптық заттар дегеніміз – адамның жүйке жүйесіне әсер ететін және фармакологиялық қасиеттері мен химиялық құрамына байланысты адам ағзасын еліртетін, күйзелтетін немесе жалған елес күйіне түсіретін заттар. Мұндай күйге түскен адам қылмыстардың небір сорақы түрлерін істеуге дейін барады.

Прекурсорлар дегеніміз – есірткі құралдары мен психотроптық заттарды өндіруге, дайындауға, өңдеуге пайдаланылатын заттар.

Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы Қазақстан Республикасының заңдарына, халықаралық келісімдеріне, оның ішінде БҰҰ-ның 1988 жылғы Есірткі құралдары және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы Конвенциясына сәйкес, республика аумағында қатаң бақылауға алынған. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі №279-1 «Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар туралы» заңына сәйкес, барлық есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар төрт тізімге біріктірілген.      

Бірінші тізімде қандай да болмасын мақсатта пайдалануға тыйым салынған есірткі құралдары мен психотроптық заттар тізімделген.

Екінші медициналық мақсатта пайдаланылатын және қатаң бақылауға алынған есірткі құралдары мен психотроптық заттар тізімделген.

Үшінші медициналық мақсатта пайдаланылатын және бақылауға алынған есірткі құралдары мен психотроптық заттар тізімделген.

Төртінші айналымы бақылауға алынған прекурсорлар тізімделген.

Қазіргі таңда, есірткі жастарға қол жетімді болып отырғаны, Қазақстан аумағына жаңа, оның ішінде өте күшті әсер ететін есірткілердің әкелінуі алаңдатып отыр. Олардың біреуі – психотроптық заттардың жаңа синтетикалық аналогтары – синтетикалық каннабиноидтар. Синтетикалық каннабиноидтар дегеніміз – ол өсімдік каннабиноидтарының құрылымы бойынша тектігі бірдей және фармакалогиялық әсері ұқсас синтетикалық препараттары. Бұл препараттар адамды ынталандыру, депрессиялық және елестеушілік күй жағдайға түсіреді.  Шегетін қоспалар ароматикалық құрал түрінде көбінесе интернет-магазиндер арқылы сатылады. Шегетін қоспаларды дайындау тәсілі – құрғақ шөптерді химиялық заттар, ароматизаторлар, витаминдер және синтетикалық каннабиноидтармен малтып дайындайды. Қазіргі таңда 160-тан жоғары синтетикалық каннабиноидтарының түрлері белгілі және жаңа түрлерінің синтезы үнемі өсуде. 

Кез-келген қылмыстың алдын алу, жолын кесу қылмыстылық профилактикасы бүгінгі таңда ішкі істер органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Мемлекет пен қоғам үшін адамды қылмыс жасағаны үшін жазалағаннан гөрі, сол қылмыстың алдын алу немесе оны болғызбаудың жолын қарастыру немесе қылмыстың жасалыну себебін жою әлдеқайда жеңіл, әрі тиімді. Бұл есірткі қылмысына қарсы күресте де аса өзекті мәселе болып отыр.

Есірткілердің заңсыз айналымы саласында жағдайдың нашарлауы қоғамға қауіп төндіреді. Есірткінің заңсыз айналымы туралы істер бойынша сот төрелігі аясында маңызды қаралған  қылмыстық  іс  бойынша  мысал келтірейін.

Сотталған Б. 2020 жылдың сәуір айында, Атырау қаласының
сыртында, далалық жерде, екі полиэтилен пакетке салынған аса ірі мөлшердегі «кептірілген марихуана» есірткі затын тауып алып, қасақана, пайдақорлық ниетпен, оларды заңсыз өткізу мақсатында, заңсыз сақтаған. 02.04.2020 жылы сағат 17.00 шамасында, Б. аталған есірткі заттарды А. басқаруындағы
«Тойота Камри» маркалы автокөлігімен Атырау қаласында тасымалдап, алып бара жатқанында полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Осы қылмыстық  іс бойынша 12 жыл мерзімгі бас бостандығынан  айыру жазасына сотталған жаза өтеу орнын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсізгі барынша жоғары мекемесі белгіленген.

Келесі  мысал, С. пен Ө. 2022 жылы қараша айында аса ірі
мөлшердегі кептірілген марихуана есірткі заттарын Атырау қаласындағы есірткі затын тұтынатын тұлғаларға өткізетін болып алдын-ала келіскен.
         Осы келісім негізінде, Ө. 10 қараша 2022 жылы, сағат 17.00 шамасында «Рено» көлігімен 2 дана қап пен 1 дана пакетке салынған аса ірі мөлшердегі кептірілген марихуана есірткі затын заңсыз өткізу
мақсатында С. Рембаза ауылындағы үйге  заңсыз тасымалдап алып келген. Содан соң, С. екеуі 2 дана қап пен 1 дана пакетке
салынған аса ірі мөлшердегі кептірілген марихуана есірткі затын үйдің  ауласындағы «Опель омега» көлігінің жүк
салғышында жасыру арқылы заңсыз өткізу мақсатында заңсыз сақтаған. Алайда, полиция қызметкерлерімен жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу барысында аталған жайлардың анықталуына байланысты,  2022 жылы сағат 16.00 шамасында С. үйінің
ауласындағы «Опель омега» көлігінің жүк
салғышына тергеу судьясының санкциясынсыз тінту жүргізу кезінде 2 дана қап пен 1 дана пакетке салынған, жалпы салмағы – 18 951 гр. аса ірі  мөлшердегі  кептірілген марихуана есірткі заты алын.

Сотпен кәнілі деп танылып, сотталғандарға 12 жылдан бас  бостандығын  айыру  жазасы тағайындалған. Жаза өтеу орнын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсізгі барынша жоғары мекемесі белгіленген.

Жоғарыда көрсетілген мысалдар бойынша, айтқым келгені, қазіргі уақытта көптеген жастар жеңіл табыс қөру мақсатында, қылмыс жасау арқылы, адамгершілікке жат қылықпен айналысып, өздерінің өмірлерін құртады. Мектептерде, арнайы білім беру мекемелерінде, жоғарғы оқу орындарында есірткімен айналысу, оны тарату үлкен қылмыс екендігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жас ұрпақты аталмыш қылмыстан арашалау жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатса да, жастардың арасында бұл қылмыс түрі тоқтар емес. Сот залында, темір тордың ар жағында отырған үрімдей жас балаларды, тіпті арасында мектеп оқушыларын көрген кезде, бұл дерт қашан тоқтайды, жастарымыз адасуларын қашан қояды, жастардын миын улап, осы арам бизнеспен айналысушылар қашан әрекеттерін доғарады деген сұрақтар мазалайды.

Осы санаттағы қылмыс бюойынша тағы бір мысал келтірер болсам,  2020 жылы, сағат 02.10-да сотталғандар Ж., Ж., Ф. Атырау халықаралық әуежайына келіп қонып, әуежай ғимаратындағы шекара бекетінен өткен соң, сол жерде жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында Қазақстан Республикасы ҰҚК Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен ұсталған. Олардың жеке бастарына тінту жүргізіліп,  Атырау облыстық ауруханасына апарып, компьютерлік тамографиядан өткізіп, асқазандары мен ішектерінде
бөтен заттардың бары анықталғаннан кейін, облыстық аурухананың дәрігерлерінің көмегімен олардың асқазандарын тазалау процедуралары жүргізілген. Ж.-ның тік ішегінен 19 дана, Ж-ның тік ішегінен 64 дана, Ф-ның тік ішегінен 59 дана полиэтилен пакетіне салынған, «героин» есірткі заты алынған. Сотта бұл тұлғалардың кінәлары дәлелденіп, ұзақ мерзімге бас бостандығын  айыру жазасына  сотталған.

Сонымен қатар, жастар мен мектеп оқушылары арасында синтетикалық есірткі көп тараған.

Мысалы, 16 жастағы мектеп оқушысы ұялы телефонымен «OLX»  әлеуметтік желісі арқылы «ТОХА» атты қолданушымен шығарылған «Курьер» деген жұмыс жарнамасын көріп, сол месенджер арқылы «ТОХА» атты қолданушымен сөйлескен. Ол қолданушы басқа мемлекетте отырып, мектеп оқушысына заңмен тыйым салынған «Мефедрон» синтетикалық психотроптық заттарды Атырау  қаласының  аумағында кез келген жерлерге жасырып, тығып салып, сол жерлердің координаттарын және фотоларын  оған  жіберу керек екендігін, сол жұмысы  үшін  оған 10 000 теңгеге дейін жалақы төленетіндігін айтып, жас баланың қызығушылығын оятқан.

Бұл көрсетілгенде мың істің арасындағы тек бірнеше ғана мысал. Нашақорлықтың қоғам дертіне айналғаны соншалық, қылмыстық қудалау органдарында нашақорлық қылмысы күн сайын тіркелуде.  Кептірілген шөптен, синтетикалық заттар және олардың прекурсорларын жеке пайдалану және оларды тарату жастардың арасында кеңінен таралып, оңай ақша табудың көзі болып отыр.

Осыған орай, жастар арасында нашақорлықтың алдын алу жұмыстарын көбірек жүргізіп, әрбір ата-ана үйіндегі баласына бұл дерттің өзектілігі мен арты қандай жамандыққа алып келетіндігін түсіндіруі тиіс. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармалары «Психикалық денсаулық орталығымен» бірлесе отырып, мектептерді, оқу орындарын тіпті халық көп жиналатын орындарда жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, есірткі затын жақындамау жөнінде жобалар  өткізілуі қажет. Мектептерде оқушылардың оқу програмаларына арнайы «Құқықтық тәрбие» сағаттары қосылып, бұл сабақтарға тәжиребелі практик-заңгерлер шақырылып, өсіп келе жатқан баллардың  арасында   нашақорлық  пен  есірткі бизнесіне қарсы  күрес стратегиясына әлеуметтік иммунитетті қалыптастыру үшін жұмыс жасау қажет.

Сонымен қатар, мектептер мен оқу орындарына тексеру жұмыстарын жүргізіп, нашақорлыққа бейімділігі бар немесе сол заттарға қызығушылығы бар жастарды анықтау қажет деп есептеймін. Бұндай әрекеттер жастарды жаман қылықтан арашалап, өз өмірлері өз қолдарында екендігін сездіруге үлкен септігін тигізеді деп санаймын. 

Тыныштық  Нуримова,

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы                       

Тіл — ұлттың тұғыры, елдің еңсесі

Тіл — халықтың жаны, рухани негізі, ұлттық болмысының айнасы....

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...