Алматыда әрбір алтыншы бағдаршамға жасанды интеллект енгізілді

Алматыда әрбір алтыншы бағдаршамға жасанды интеллект жүйесі енгізілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, қалада 580-ге жуық бағдаршам бар. Олардың 98-і жасанды интеллект көмегімен жұмыс істейді, бірақ тек сынақ режимінде.

«Қазірдің өзінде пилоттық бірінші кезеңді жүзеге асырдық: қалада 98 бағдаршам нысаны жабдықталды. Екінші кезеңге сәйкес, қалалық мобилділік бөлімі биыл жүзеге асыруға дайындық үстінде. Қаладағы барлық бағдаршам толығымен қамтылады. Қаржы бөлінгенде, олар бұл жұмысты жалғастырады», — деді Алматы қалалық Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Баятанов.

Сондай-ақ, ол жасанды интеллект жүйесінің қиылыстарда қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.

«Ол қиылысқа жақындап келе жатқан көлік ағынын автоматты түрде бақылап және максимал өтуді қамтамасыз етеді», — деді Алматы қаласы ПД ӘПБ өкілі.

Қазақстанда 16 жасқа толмаған балалардың аккаунты уақытша бұғатталуы мүмкін

Олжас Бектенов 16 жасқа толмаған балалардың әлеужеліге кіруіне шектеу қоюға қатысты заң жобасының әзірленіп жатқанын айтты.

Қазақстан-Оман: Маңызды құжаттарға қол қойылады 

Оман Сұлтанының елімізге сапары аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізу, бірқатар маңызды құжатқа қол қою жоспарланып отыр.

Елімізде ауа райы күрт бұзылып, өңірлерде қар аралас жауын-шашын түседі

«Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша 2026 жылғы 6-8 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қорғаныс министрлігінің тексерісінен кейін 13 қылмыстық іс қозғалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қорғаныс министрлігінің ауқымды тексерісінің алғашқы нәтижелері...

Азиада-2026: Қазақстанның спортшыларына қанша сыйақы беріледі?

ҚР Туризм және спорт министрлігінің бұйрығына сәйкес, Азия ойындарында алтын медаль иеленген спортшыға 10 мың доллар, күміс жүлдегерге 5 мың доллар, ал қола медаль иегеріне 3 мың доллар көлемінде сыйақы қарастырылған