8 наурызда 366 қыз бала дүниеге келген

8 наурызда 366 қыз бала дүниеге келген, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мерекеде Қазақстанда 764 әйел босанған.

«Барлығы 769 сәби, оның ішінде 366 қыз, 403 ұл бала дүниеге келді, сондай-ақ, 5 егіз енді 8 наурызда туған күнін атап өтеді», — деп жазылған хабарламада.

  • Жаңа туған нәрестелердің ең көп саны Түркістан облысында тіркелген, онда 126 бала туды;
  • Екінші орында Алматы, мұнда 76 сәби дүниеге келді;
  • Шымкент үшінші орында, мұнда 71 бала;
  • Ал Астанада 65 бала дүниеге келді.

Елімізде кейбір мемлекеттік награданы беру тәртібі өзгерді

Мемлекеттік ордендер тізіміне тарихи тұлғалардың есімімен аталған наградалар енгізілді.

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен әйелге айыппұл салынды

Ақтауда мектеп басшысының әйелі тазалықшының шелегін теуіп, оны балағаттағаны үшін ұсақ бұзақылық жасаған деп танылды.

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді 

Жиын барысында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді.

Қазақстан ажырасу бойынша әлемнің ТОП-15 еліне кірді: АҚШ-пен көрсеткіші бірдей 

Зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстанда 15 жастан асқан әрбір 1000 адамға шаққанда ажырасу коэффициенті 2,9 болған. Бұл көрсеткішпен еліміз 66 мемлекеттің арасында 14-орынға орналасқан.

Мектептерге жаппай Face ID жүйесін енгізу жоспарланып отыр

Қазақстандағы барлық мектепте Face ID технологиясы арқылы кіруді бақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр.