Өмірге келген әр жұмыр басты пенденің көкейге түйген арманы мен мақсатының болары сөзсіз ал, тағдырдың тәлкегіне түсіп, жазасын өтеп отырған нәзік жандылардың арманы бұл емес еді. Кейбір жандар шаңырақтың ұйтқысы болып, отынын түзеу түтетіп, өмірге әкелген сәбилерінің қызығын көрем десе, кейбірулері өмірдің ақ пен қарасын ажыратып үлгермеген, қызығы мен шыжығы көп, тепсе темір үзер жастық шағында тар қапаста, темір торды мекен етіп жүрген жандар қаншама! Дегенмен, өмір жалғасуда, «басқа түссе баспақшы боларсын» — дегендей шыдайсың, көнесің. Міне осындай жандар Атырау облысы бойынша ҚАЖ депаратаменті №79 мекемесінің жанынан ашылған колледжде білім алуда. Бұл жерде шаштараз, аспазшы, кондитер, тігінші мамандықтары бойынша 77 сотталған азаматшалар білім алуда. Жалпы колледжде студенттердің көбі ақылы жұмыспен қамтылып отыр, соған қарамастан оқуға деген құштарлықтары мол. Бұл азаматшалар төрт қабырғада күндерін өткізсе де, текке қарамай білім алып мамандықтарды меңгеруде. Білімнің жемісі адал еңбекте екенін осы жердегі әр бір жан ой түйсігінен өткізуде.
Жоспарға сай Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №79 мекемесінің ұйымдастыруымен мекеме жанындағы колледжде білім беретін ұстаздармен бірігіп білім алушы жаза өтеушілердің 2022-2023 жылға білім деңгейі және оқу жылын аяқтау барысында туындайтын мәселелер бойынша мекеме бастығының жалпы сұрақтары бойынша орынбасары әділет подполковнигі Жанна Газизовна Дангиеваның төрағалығымен дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында №79 мекемесі жанындағы колледжде оқитын жаза өтеуші сотталғандардың оқу барысында туындайтын өзекті мәселелері талқыланды.


