Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 183-бабына сәйкес барлық өндірістік объектілер еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттауға жатады. Еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестаттау кемінде бес жылда бір рет өткізіледі. СҚО бойынша ҚАЖД «ЕС-164/8 мекемесі» РММ сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының қызметкерлері ағымдағы жылдың басында жұмыс орындарын аттестаттау бойынша қызмет көрсетуге баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алудың web-порталына өтінім берді. Сатып алуды «KURAL TRADE» ЖШС жеткізушісі (өндірістік объектілерді жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйым) өткізді.
Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру үшін мекеме бастығы әділет подполковнигі Ж.Қалымбеков құрамына қызметкерлердің өкілдері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің мамандары және комиссия төрағасы, бастықтың сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру және жалпы мәселелері жөніндегі орынбасары әділет майоры С. Спасская кіретін аттестаттау комиссиясын құру туралы бұйрық шығарды.
Өндірістік объектілерді аттестаттауды өткізу жөніндегі мамандар аттестаттау іс-шараларының кешенін өткізді, олардың ішінде: өндірістік ортаның қауіпті факторларының деңгейі, еңбек процесінің күрделілігі, ауырлығы; жарақат қауіпсіздігі деңгейі, жеке, ұжымдық қорғаныш құралдарының болуы және жеке қорғаныш құралдарының жұмыс жағдайларына сәйкестігі қаралды.
Өндірістік объектілерді жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйым қорытындыны күнтізбелік 10 күн ішінде шығаруы тиіс. Мекемедегі жұмыс орындарын алдын — ала бағалау қанағаттанарлық, барлығы нормалар мен стандарттарға сәйкес келеді.
Жұмыс орындарын аттестаттау және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша уақтылы оқыту өндіріс объектілерінде жарақаттануды азайтуға және еңбек жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді.
Әділет аға лейтенанты
Истенгалиева Асем