660 мыңнан аса қазақстандық банк карталарын күмәнді мақсатта қолданған

660 мыңнан аса қазақстандық банк карталарын күмәнді мақсатта қолданған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Түрлі күмәнді мақсаттарға ақша жинауға 138 банктік карта (краудфандингке) тартылған. Жалған көмек сұраушыларға 660 мыңнан астам қазақстандық өз ақшаларын жолдаған.

Бұл туралы ҚМА алаңында Дмитрий Малаховтың төрағалығымен өткен Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) алдын алу және терроризмді қаржыландыру мен жаппай қырып-жою қаруын тарату мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңестің кезекті отырысы барысында белгілі болды.

Жалпы жиналған қаржы сомасы — 6 млрд теңге, оның 33 пайыз (2 млрд) алаяқтық белгілері бар.

Әлеуметтік желілерде ұжымдық қаражат жинаудың қауіптері және оларды одан әрі мақсатсыз пайдалану анықталды. ҚМА басшысы Дмитрий Малахов жосықсыз азаматтар «ем» және «жағдайы төмен адамдарға көмек көрсету» үшін қайырымдылық қызметі мен көмек көрсету түріндегі қаражат жинауды кедергісіз және бақылаусыз жүзеге асыратынын атап өтті.

Зиянкестер ақшаны жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сатып алуға, тұрмыстық шығындарға, букмекерлік кеңселерде бәс тігуге және шетелдегі қымбат пәтерлерді жалға алуға жұмсайды.

Жанашыр азаматтардың жақсы ниеті, «жалған» мұқтаждар үшін оңай табысқа айналуы мүмкін.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...

Бүгін – Халықаралық қарттар күні 

Қазақстанда да 1 қазан қарттар мен ардагерлерге құрмет көрсету, олардың еңбегі мен өмірлік тәжірибесін дәріптеу күні ретінде аталып өтеді.

Алматыда 4 қазаннан бастап ақылы тұрақ тарифі өзгереді

Алматыда 4 қазаннан бастап коммуналдық ақылы автотұрақтардың тарифі сараланады. Енді тұрақ құны аумақтағы көлік жүктемесі мен тұрақ орындарына сұраныс көп-азына қарай белгіленеді.

Елімізде 1-3 қазан арасында ауа райы қандай болады?

Қазгидромет елімізде 1-3 қазан арасында күн райы қандай болатынын болжады.

Мемлекет басшысы Қазақстанда микроэлектроника өндірісін дамытуды ұсынды 

Қазақстан Президентінің Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары бизнес, өнеркәсіп және технология көшбасшыларының басын қосқан Қазақстан-Бавария технологиялық форумымен қорытындыланды.