63 азамат құжатын алды

ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеуші азаматтарды құжаттандыру жұмысымен арнайы есепке алу қызметкерлері айналысады. Қызылорда қаласындағы түзеу мекемелерінің Арнайы есепке алу бөлімі мен қалалық көші –қон полиция басқармасының қызметкерлері мекемеде жазасын өтеп жүрген азаматтарды құжаттандыру мәселелері бойынша тығыз жұмыс жасауда. Жыл басынан 63 сотталғанның жеке куәлігінің мерзімі аяқталуына байланысты қайта жасалды.

— Атап айтар болсақ, мекемеге жаза мерзімін өтеуге келген бір сотталғанның туу туралы ғана куәлігі болған. Арнайы есепке алу бөлімінің қызметкерлері сотталған азаматтың жеке басын куәландыратын құжатын жасап берді. Жуырда ол азамат сот қаулысымен жазасының өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстырылып босатылды. Жеке куәліктің болмауы сотталғандардың бірқатар құқықтарын қиындатады. Сондықтан да арнайы есепке алу бөлімінің қызметкерлері сотталғандарды құжаттандыру мәселесін бірінші кезекте қояды. ҚАЖ мекемелерінен босатылғаннан кейін алынған жеке басының куәландыру құжатымен тұрғылықты мекенжайына барып тіркеліп, жұмысқа орналасады немесе денсаулық жағдайын байланысты жергілікті емханаларға тіркеуге алынады.

Қазіргі таңда тағы 21 сотталғанның жеке куәлігі орындалу сатысында,- дейді ҚАЖ департаментінің арнайы есепке алу тобының бас маманы әділет майоры Шырын Әбдиева.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

В области Абай сотрудники женской колонии отметили День здоровья спортивными соревнованиями

В учреждении уголовно-исполнительной системы по области Абай состоялось спортивное...

Осуждённым учреждения №20 оказана правовая помощь в области Абай

В учреждении №20 уголовно-исполнительной системы по области Абай проведено...

Болашақ заңгерлерге Абай облысында қылмыстық-атқару жүйесінің жұмысы ішінен көрсетілді

Абай облысында Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінің...

№20 мекемесінде сотталғандарға құқықтық көмек көрсетуге бағытталған іс-шара өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің №20 мекемесінде сотталғандарға құқықтық...

Абай облысындағы әйелдер колониясында Дүниежүзілік күлкі күні атап өтілді

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде Дүниежүзілік күлкі күніне...