12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

5 шілдеден бастап заңсыз ағаш немесе бұта кескендерге айыппұл салынады

5 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа ережелер күшіне енеді. Енді әрбір заңсыз кесілген ағаш немесе бұта үшін айыппұл төлеуге тура келеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Finratings.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстанда жыл сайын өрт, құрылыс жұмыстары немесе абаттандыру кезінде мыңдаған ағаш кесіледі. Жаңа айыппұлдар — экология үшін әрбір ағаштың маңызын еске салу тәсілі. 

Экология және табиғи ресурстар министрінің жаңа айыппұлдар туралы бұйрығы ресми ресурста жарияланды.

Енді елімізде жасыл желекті қорғауға қатысты ережелер өзгереді. Рұқсатсыз ағаш кескендер заң алдында жауап береді.

5 шілдеден бастап күшіне енетін жаңа ережелерге сәйкес, ағаш немесе бұтаны зақымдау немесе заңсыз кесу үшін нақты айыппұл мөлшерлері белгіленген.

Айыппұл мөлшері өсімдіктің түрі мен жасына байланысты есептеледі. Айыппұл айлық есептік көрсеткішпен (АЕК) есептеледі. 2025 жылы 1 АЕК = 3 928 теңге.

Енді бір ағаштың құны қанша тұрады?

Қылқан жапырақты ағаштар:

  • Қарағай, шырша, балқарағай – 58 980-176 940 теңге
  • Балқарағай кедрі – 66 776-184 804 теңге
  • Арша – 55 048-173 008 теңге

Жапырақты ағаштар:

  • Терек, үйеңкі, тал, жөке, қарағаш – 39 320-157 280 теңге
  • Қайың, бұталы арша – 47 184-165 144 теңге

Жеміс-жидек және жаңғақ ағаштары:

  • Грек жаңғағы, фисташка – 196 600-314 560 теңге
  • Өрік, алхоры, орман алмасы, итмұрын – 39 320-157 280 теңге

Бұталар:

  • Бұтақты шырғанақ, сары акация, тал және басқалары – 35 388-153 348 теңге

Маңызды ескеретін жайттар:

  • Айыппұл әрбір ағаш немесе бұта үшін жеке есептеледі, олар қай жерде өскені маңызды емес.
  • Өсімдіктің жасы да есепке алынады: жасы үлкен болса, айыппұл сомасы да көп болады. 
  • Ерекше жағдайларда бір ағаш үшін айыппұл 300 мың теңгеден асып кетуі мүмкін.
  • Тек арамен кескендер емес, құрылыс кезінде, химиялық заттармен улау, түбірге зақым келтіру немесе рұқсатсыз автотұрақ салдарынан ағаш қураса, кінәлі адамға айыппұл салынады.

Жаңа Ата заңда адам құқығы қалай күшейеді?

Конституциялық реформа мемлекеттіліктің іргесін бекітіп, егемендік пен тәуелсіздікті қорғауды нақты қағидаға айналдырумен қатар, биліктің алмасуын айқын әрі мызғымас тетік арқылы бекітуді көздейді.

Қазақстанда енді психологтардың арнайы тізімі жасалуы мүмкін

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов психологиялық қызмет туралы заңның негізгі мақсатын түсіндірді.

Қазақстанда зейнеткерлерге қандай қолдау бар?

Қазақстанда зейнет жасына жеткен азаматтар тек ай сайынғы төлеммен ғана шектелмейді. Медициналық қызметтен бастап коммуналдық жеңілдіктерге, әлеуметтік қызметтер мен салықтық қолдауға дейін зейнеткерлерге арналған бірқатар мемлекеттік және жергілікті қолдау тетігі бар.

Жалақы мен өтемақы: Депутаттар жаңа өзгерістер ұсынды

Депутаттар еңбек қауіпсіздігі мен қызметкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған заң жобасын екінші оқылымда қарады.

Под маской локализации

В ЯНВАРЕ 2026 ГОДА ФАРМАЦЕВТИЧЕСКИЙ РЫНОК КАЗАХСТАНА ПОТРЯС ОДИН ИЗ КРУПНЕЙШИХ В ЕГО ИСТОРИИ КОРРУПЦИОННЫХ СКАНДАЛОВ.