+44°C дейін ыстық пен жауын-шашын: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Синоптиктер ескерту жасады.

«Қазгидромет» РМК синоптиктері атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен Қазақстанның кей аймағында найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, кей өңірде 35-44 градус аптап ыстық болатынын да ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жауын-шашын болжамы

Бірқатар өңірде жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында қатты жаңбыр жауады деп болжануда.

Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында Ираннан келетін құрғақ ауа массаларының әсерінен негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Аптап ыстық

Елдің басым бөлігінде ауа температурасы көтеріледі, тек Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерінде бірінші тамыздағы қатты ыстықтан кейін күндіз ауа температурасы 25-35 градусқа дейін төмендейді.

«Қазақстанның қалған бөлігінде термометр бағаны орталықта, шығыста және оңтүстік-шығыста 33-41 градусқа, ал оңтүстікте 35-44 градус ыстыққа дейін жетеді», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Еске салайық, бұған дейін елімізде 16 облыста дауылды ескерту жарияланды.

Сондай-ақ, тамызда ауа райы қандай болатыны хабарланды. 

Тамыз айында Қазақстанның қай өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін екені де айтылды. 

2027 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер өседі 

Еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылғандарға төленетін әлеуметтік төлемдер 8,5%-ға өседі.

Алматы тауларында жоғалған Корея азаматы әлі табылмай жатыр

Алматы тауларында 28 қыркүйекте жоғалып кеткен Корея Республикасының 73 жастағы азаматы әлі іздестіріліп жатыр.

Пәтер, ипотека және бизнес: Неке шартын жасасу кезінде нені ескеру керек? 

Неке шарты – бұл жұбайларға мүлік, отбасылық шығындар және қаржылық міндеттемелер туралы алдын ала келісіп алуға көмектесетін маңызды құжат.

Реализация МЭКС: Канат Бозумбаев поручил привлечь больше банков к финансированию модернизации коммунальных сетей

В Алматы под председательством заместителя Премьер-министра Каната Бозумбаева состоялось...