42500 теңгелік жәрдемақыны студенттер де ала алады

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов студенттер қандай жағдайда 42 500 теңгелік жәрдемақыға өтініш бере алатынын айтып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Студенттер — кәмелетке толған еліміздің азаматтары. Елімізде 16 жастан бастап жұмыс істеуге рұқсат берілген. Көптеген студенттер сабақтан тыс уақытта жұмыс істейді, әсіресе, мейрамханаларда, сауда орталықтарында қызмет жасайды. Төтенше жағдайға байланысты олар да табысына айырылып жатыр. Сол себепті олар да 42 500 теңгеге өтінім жасай алады. Студенттің шәкіртақы алуына тексеріс жасамаймыз. Оларға жеке-дара ережелер қарастырылмаған. Сондықтан қазақстандықтардың барлығына бірдей талаптар қойылады. Егер сіздің атыңызға бірыңғай жиынтық төлем аударылса немес өзіңіз төлесеңіз, сізге де  жәрдемақы тағайындалады», — деді Нұрымбетов.

Сондай-ақ ол бұл жағдайдың декреттегі әйелдерге де қатысы бар екендігін атап өтті. Сөзінше, егер баласы бір жастан асқан аналар қызмет жасаған мекеме белгісіз себептерге байланысты өтініш жасамаса, онда азаматшаның өзі жәрдемақыға өтінім жібергені дұрыс.

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылы қорытындыланды

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының жабылу салтанаты...

2027 жылы қажылыққа Қазақстаннан қанша адам бара алады?

Қазақстанға 2027 жылы қажылық парызын өтеуге 4 300 орын...

Азия ойындарында аяқ киім үшін алтын жүлдеден қағылған спортшыға пәтер берілді

Жеңіл атлетикадан ұлттық құрама сапында өнер көрсететін Ясмина Тоқсанбаеваға...

ДДСҰ коронавирустың жаңа штамы бойынша белгілерін атады

Солтүстік Америка мен Еуропада таралып жатқан коронавирустың PJ.2.1 штамының...