41 градусқа дейін аяз және боран: Елімізде ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 8 желтоқсанда Қазақстанның әр өңірі тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 26-28, күндіз 22-24 градус аяз.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей жерде тұман түседі. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады. Кей жерде тұман түседі. Шығыстан соғатын жел секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 1 градус аяз — 1 градус жылы, күндіз 4-6 градус жылы.

Ақмола облысында жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан жел секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 33-38 градус, облыстың оңтүстігінде 23-28, күндіз 28-33 градус, облыстың оңтүстігінде 20-25 гардус аяз.

Түнде Алматы облысының оңтүстік-шығысында, күндіз оңтүстікте, облыстың таулы аудандарында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) сақталады. Оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 0-5, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында 8-13 градус аяз, күндіз 1 градус аяз 4 градус жылы, солтүстікте, таулы аймақтарда 4-9 градус жылы.

Түнде Жетісу облысының таулы аймақтарында, күндіз солтүстік, шығыс, орталық, таулы аймақтарда қар жауып, тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 9-14, Алакөл ауданында екпіні секундына 15-20, кей жерлерде 23-28 метр. Ауа температурасы түнде 2-7, облыстың таулы аудандарында 12, күндіз 0-5, облыстың таулы аудандарында 8 градус аяз.

Түнде Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында аздаған жауын-шашын, күндіз облыстың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау етегіндегі аудандарында тұман түседі. Жел шығыстан 8-13, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында секундына 15-20 метрге жетеді.

Түнде Маңғыстау облысының солтүстігі мен оңтүстігінде қар жауады. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде түнде және таңертең көктайғақ болады. Шығыстан соғатын желдің күші 9-14, батыста, шығыста, облыс орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0-5, облыстың солтүстігінде 8-13 градус аяз, күндіз 0-5 градус жылы, облыстың солтүстігінде 5 градус аяз.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында қар жауып, қар жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, түнде облыстың солтүстігі мен шығысында секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде және күндіз 18-23, облыстың оңтүстігінде 8-13 градус аяз.

Түнде Абай облысының шығысында аздаған қар жауып, боран соғады. Солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 20-25, облыстың оңтүстігінде 10-15, күндіз 17-22, облыстың оңтүстігінде 7-12 градус аяз.

Күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), Жамбыл облысының таулы аудандарында қалың қар жауып, бұрқасын болады. Оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан 9-14, оңтүстік-батыстан, солтүстік-шығыста, облыстың таулы аймақтарында секундына 15-20 метрге жетеді.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...

Қазақстанда қала халқы өсіп, ауыл тұрғындарының саны азайды

2026 жылғы 1 қазанда Қазақстан халқының саны 20,6 миллион адамнан асты. Жыл басынан бері ел тұрғындары 133 707 адамға немесе 0,65% көбейген.

Время перемен и ответственности

ЭКОНОМИЧЕСКИЙ РОСТ, БЛАГОСОСТОЯНИЕ ГРАЖДАН, РАЗВИТИЕ РЕГИОНОВ И ПРАВОВЫЕ ГАРАНТИИ СТАЛИ ГЛАВНЫМИ ТЕМАМИ ОБСУЖДЕНИЯ ПОСЛАНИЯ. ЕГО ПОЛОЖЕНИЯ ПОЛУЧИЛИ ПОЛОЖИТЕЛЬНЫЕ ОЦЕНКИ СО СТОРОНЫ КАЗАХСТАНСКИХ ЭКСПЕРТОВ И ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ ОБЩЕСТВЕННОСТИ, А ТАКЖЕ ВЫЗВАЛИ ИНТЕРЕС ЗАРУБЕЖНОГО ЭКСПЕРТНОГО СООБЩЕСТВА.