12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

32 ЖЫЛ КҮТКЕН ЖҮЛДЕ

Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында еліміз асыға күткен тарихи оқиға тіркелді. Мəнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 291,58 ұпай жинап, алтын медальға ие болды. Елімізді төрткүл дүниеге мəшһүр еткен спортшыны Мемлекет басшысы да құттықтап, II дəрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы шешімін жариялады.

Бұл Қазақстан құрамасының мəнерлеп сырғанау спортынан қысқы Олимпиада ойындарындағы екінші жүлдесі. Бұған дейін отандасымыз Денис Тен 2014 жылы Ресейде өткен байрақты бəсекеде қола жүлдегер атанған болатын. Сол кезде бұл жетістікті кейбір спорт мамандары кездейсоқ жағдай ретінде бағалап, Қазақстанның спорттың бұл түрінен əлемде үздіктер қатарында бұрын болмағанын алға тартқан еді. Араға 12 жыл салып Михаил Шайдаров қоланы алтынға айналдырып отыр. Екі спортшы да шетелдік легионер емес, өз елімізде дүниге келіп, спорттағы бүкіл жетістігіне Қазақстанда қол жеткізгенін мақтанышпен айтуға болады. Бұған дейін алынбас қамал, қол жеткізбес асудай көрініп келген Олимипиада алтынын иелену арқылы Қазақстан мəнерлеп сырғанаудан əлемде көшбасшылар қатарына сенімді түрде қосылып отыр. Өйткені Михаил Шайдоров биыл 3 айналым аксел+ойлер+4 айналым сальхов секірген əлемдегі ең алғашқы мəнерлеп сырғанаушы ретінде тарихты жаңартты. Оған дейін Олимпиадада жүлде алмаса да отандасымыз Элизавет Тұрсынбаева əйелдер арасында халақаралық жарыста 4 айналым сальхов жасаған мəнерлеп сырғанаушы ретінде тарихқа енген болатын. Сондай-ақ Қазақстан ерлер арасында мəнерлеп сырғанаудан жекелей сында қысқы Олимпиада ойындарында жүлде алған елдер арасында 10-орыннан 9-орынға көтеріліп отыр. ХХV қысқы Олимпиадада мəнерлеп сырғанаудан 5 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан атынан мəнерлеп сырғанаудан жекелей сында ерлер арасында – 1, əйелдер арасында – 1 спортшы қатысуда. Енді 17, 19 ақпан күндері қысқа жəне еркін бағдарлама бойынша Софья Самоделкина өнер көрсетпек. Ол жарысты қысқа бағдарламада үшінші топта Швейцария, Польша, Оңтүстік Корея (2), Франция спортшыларымен бірге бастайды. Бұл сынға 22 елден 29 спортшы қатысуда. «Ерім деген ел болмаса, елім деген ер қайдан тусын» дегендей Қазақстан Олимпиада ойындарында ел намысын қорғап, үздік нəтиже көрсеткен спортшыларға қомақты сыйақы тағайындап отыр. Атап айтқанда, Олимпиада чемпионына 250 мың АҚШ доллары, күміс жүлдегерге 150 мың АҚШ доллары, қола жүлдегерге 75 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы тағайындаған. 4-6 орын алғандар да сыйақысыз қалмайды. Оларға – 30 мың, 10 мың, 5 мың доллардан берілетін болады. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы ХХV қысқы Олимпиада ойындары кезінде жүлдеге ие болған 25 елдің арасында 17-орында тұр. Егер бұл байрақты бəсекенің 22 ақпанға дейін созылатынын жəне ел қоржынына медаль салуға əлеуетті спортшылардың барын ескерсек, үздік жиырмалықта қалуға толық мүмкіндік бар.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Еңбек министрі қызметіне кірісіп, ант берді  

Жаңа тағайындалған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Конституцияны қатаң сақтауға және Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді.

Мемлекет басшысы ҚХР төрағасын құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Қытай күнтізбесінің Жаңа жылы – Чуньцзе мерекесімен құттықтады.

Даудан кейін Burger King басшыларының бірі жұмыстан кетті 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аталған жағдайдың ведомство бақылауында екенін мәлім етті.

Халықтық Конституция үшін коалициясының сайты іске қосылды

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясын қолдау» жалпыұлттық коалициясының ресми сайты алдағы референдумға және Жаңа Конституция жобасына арналған.

Тұрғын үй иелері құжаттарын қайта рәсімдеуі керек пе? Министрлік жауабы

Әділет министрлігі "Қазақстанда техникалық паспорты жаңартылмаған үйді сатып-сатып алу мүмкін болмайды" деген қауесетке пікір білдірді.