12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

30 ПРОЦЕНТТІК ҮЛЕС ҚАЛАЙ ҮЛЕСТІРІЛЕДІ?

ҚАЗАҚСТАННЫҢ «САЙЛАУ ТУРАЛЫ» ЗАҢЫ АЛҒАШ 1995 ЖЫЛДЫҢ ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНДА ҚАБЫЛДАНЫП, СОДАН БЕРІ ОҒАН ЖИЫРМА ЕКІ РЕТ ӨЗГЕРТУ МЕН ТОЛЫҚТЫРУ ЕНГІЗІЛІПТІ. СОҢҒЫ РЕТ АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ БАСЫНДА ТОЛЫҚТЫРЫЛҒАН ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ АРАҒА ТӨРТ АЙ САЛЫП ТАҒЫ ҚАРАДЫ. СЕБЕБІ ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ «ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІНІҢ» ЕКІНШІ ОТЫРЫСЫНДА САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢҒА БІРҚАТАР ӨЗГЕРІС ЕНГІЗУДІ ҰСЫНҒАН БОЛАТЫН. БАСШЫ АЙТТЫ, ҚОСШЫЛАР ҚОЛДАДЫ. НӘТИЖЕСІНДЕ ТАПСЫРМАҒА САЙ ӘЗІРЛЕНГЕН ЗАҢ ЖОБАСЫ ЖАҚЫНДА ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫНЫҢ ҚОЛЫНА ТИГЕН ЕДІ.

Бір қызығы, дептутаттар ҚР «Сайлау туралы» саяси маңызы зор заң жобасын талқылауды сөзбұйдаға салмай, бірден мақұлдады. Әлемді алаңдатқан індеттің әсері ме, әлде олар бұл жолғы өзгерістің тікелей мәжіліс депутаты мандатына қатысты екенін ескерді ме, басы артық сұрақ та, қызу талқылау да болмады. Осылайша, бір сұрақ, бір ғана талқылау ұсынысы айтылған заң жобасын депуттар бір ауыздан қолдап, арнайы қаулы қабылдады. 133 баптап тұратын ҚР «Сайлау туралы» заңның тек екі бабына өзгеріс енгізілген. Олар мәжiлiс депутаттығына кандидаттарды тiркеу (89-бап) туралы және мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін тiркеу (105-бап) баптары. Яғни, 89-баптың 4-тармағына «Партиялық
тізімде жиырма тоғыз жасқа толмаған адамдардың және әйелдердің саны оған енгізілетін адамдардың жалпы санының кемінде отыз процентін құрауы тиіс» – деген аса маңызды толықтыру енгізілсе, 105-баптың 4-тармағы «Аумақтық сайлау округі бойынша бір саяси партиядан жиырма тоғыз жасқа толмаған адамдардың және әйелдердің саны оған енгізілетін адамдардың жалпы санының кемінде отыз процентін құрауы тиіс бір ғана тізімді тіркеуге жол беріледі» – деп өзгерді.
Өз кезегінде енгізілген өзгерту мен толықтыруларға тоқталған ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев: «Заң
жобасымен партиялық сайлау тізімдерінде әйелдер мен жастар үшін отыз пайыз квотаны қарастыру ұсынылды. Осы мақсатта конституциялық заңда әйелдер мен жастарға арналған квоталарды партиялық тізімге енгізу туралы талап қойылатын болады. Жалпы бүгінгі таңда әлемдегі мемлекеттердің басым бөлігі әйелдер мен жастардың сайлау процесіне тең қол жетімділігіне кепілдік беру үшін қажетті шаралар қабылдауда. Партиялық гендерлік квоталар еуропа елдерінде қолданылады. Және осындай ережелер Германия, Франция, Белгия, Норвегияда кеңінен таралып, олар сайлау туралы заң деңгейінде бекітілген. Осыған орай, тәжірибе аясында ұсынылып отырған жаңа нормалар әйелдерді елдің қоғамдық-саяси процестеріне белсенді тартуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті.
Министрдің баяндамасынан тағы бір түсінгеніміз, жоба қолданысқа енсе, Мәжіліс депутаттарының қатары жастармен толығып қана қоймай, өзге де билік органдарында жастардың үлесі артпақ. Бұлай деуімізге министрдің «…Мемлекет басшысы атап өткендей, біз жастардың парламентке және жергілікті өкілетті органдарға келуіне ықпал етуге тиіспіз» – деген сөзі себеп. Десек те, әйелдер мен жастардың биліктегі үлесін арттыру мақсатында әзірленген жобаның тереңіне үңілсек, «заң күшіне енген жағдайда әйелдер мен жастар бір-біріне бәсекелес болып, билікке таласып қалмай ма?» деген де ой келеді. Мәселен, дептутат Балайым Кесебаеваның «ҚР Президентінің 2016 жылғы Жарлығымен бекітілген 2030 жылға дейінгі «Отбасы және гендерлік саясат» тұжырымдамасына сәйкес, атқарушы өкіл және сот органдарында, барлық мемлекеттік билік, квази мемлекеттік, корпоративтік секторларда әйелдердің шешім қабылдау деңгейіндегі өкілдігін 30 пайыз қамтамасыз ету міндеті тұр. Осы ұсынылып отырған заң жобасы мемлекеттің гендерлік мақсатына қаншалықты сәйкес келеді? Ол жерде 30 пайыз әйелдер жастармен қоса айтылып отыр» – деген
сұрағының астарынан әйелдер қауымының жобадағы отыз пайыздық үлесті жастармен бөліскісі келмейтінін
аңғаруға болатындай.
Алайда, дептутат ханымның сауалына Әділет министрі: «Осы заң жобасын әзірлеу барысында аталған тұжырымдаманың ережелері ескерілді. Заң жобасы қабылданған жағдайда сіз айтып отырған мәселеге оң
әсерін тигізеді. Біздің ойымызша, заң жобасының және тұжырымдаманың мақсаты бір-біріне сәйкес келеді» –деп қысқа жауап қайырды.
Осылайша, отыз пайыздың әйелдер мен жастардың қалай бөлісетіні басы ашық сұрақ күйінде қалды. Сөз
басында айтып өткеніміздей, депутаттар тарапынан бір ғана сұрақ қойылып, сәйкесінше заң жобасын талқылау бөлігінде де бір ғана адам үн қатты. Отырыс барысында жұмыс тобына заң нормаларын өзгертпейтін бірқатар редакциялық түзетулер түскенін, оны жұмыс тобының мүшелері бір ауыздан мақұлдағанын айтқан Мәжіліс депутаты, Заңнама және сот құқықтық реформа комитетінің мүшесі Снежана Имашева: «Сонымен қатар, жұмыс тобы квотасының әйелдер үшін бөлек, жастар үшін бөлек болуы туралы ұсыныстар егжей-тегжейлі талқыланғаннан кейін осы ұсынысты қабылдамау туралы шешімге келді» – деп министр мырзаның әріптестеріне берген жауабын толықтырғандай болды.
Камила ӘКІМБЕКҚЫЗЫ,
«Заң газеті»

[ratings]

Буллинг, автобустан түсіруге тыйым: биыл балаларға қатысты қандай заңдар қабылданды?

2024 жыл елімізде балалардың құқықтарын қорғау бойынша маңызды оқиғаларға толы кезең болды. Биыл балалардың жағдайын жақсартуға, әсіресе әлеуметтік қолдау мен балалардың қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған үш негізгі заң қабылданды.

Қазақстандықтар қаңтар айында қанша күн демалады?

Жаңа жыл мерекесіне орай биыл ел тұрғындары 1-4 қаңтар аралығында демалады. Ал 5 қаңтар жексенбіге сәйкес келсе де, жұмыс күні болады.

Қазақстан онлайн-қызмет көрсету индексі бойынша Топ-10 елдің қатарына енді

БҰҰ рейтингінде Қазақстан электрон үкіметтің даму деңгейі бойынша әлемнің ең үздік 25 елінің қатарына енді.

Салық қызметкерлері қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады.

ЖЕР БАҒАСЫ АСПАНДАП ТҰР

Қиян шеттегі ауылды қайдам, аудан орталығындағы жер бағасы сіз бен бізді ойландырмай қоймайды. Облыс не үлкен қала орталығына жақын елді мекендерді былай қойғанда, 10-15 мың түтіні бар моноқалалық жерде 10 сотық жер бағасы 2-3 млн теңгеден асып жығылады.