12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

3 жасар ұлын алғаш рет көрген сотталған

Абай облысында 2020 жылдан бастап есірткі таратқаны үшін, сот үкімімен 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, жазасын Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінің №19 мекемесінде өтеп жатқан 48 жастағы Тараз қаласының тумасы сотталған М. 3 жасар ұлын алғаш рет көрді.
Сотталушы колонияға түскенде, оның әйелі бес баласымен жалғыз қалған, олардың ең кішісі 3 жаста. Күйеуі баласын дүниеге келгеннен көрмеген. Бұған әйелдің қаражатының жоқтығы себеп болған.
Сотталған М. колонияда жұмысқа орналасқаннан кейін мекеменің бухгалтериясы арқылы жалақысынан әйеліне жүйелі түрде ақша аударып отырған. Ол қаражат әйелге күйеуіне келіп, ұлын әкелуге мүмкіндік берген.
«Біз әрқашан сотталғандардың әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдаймыз. Олардың, өздерінің жақындарымен, туыстарымен байланыста болғандары жақсы. Сотталған М-нің колонияға келгелі әйелінің бірінші рет келуі. Сотталушы М.-ның мінез-құлқы оң, қазіргі уақытта жазасы жоқ…» дейді мекеме бастығының орынбасары Айдын Қалелов.
Бес баланы жалғыз бағып отырған келіншекке жиі кездесуге келу оңай емес. Мекеме басшылығына колония қабырғасында жұмысқа орналасуға, сол арқылы олардың отбасыларына көмек көрсетуге мүмкіндік бергені үшін рахмет деді бес баланың анасы.

Түзеу мекемесінде сотталған азамат неке қиды

ҚР ІІМ ҚАЖ Департаментінің № 3 түзету мекемесінде ерекше...

День единства народа Казахстана

"1 мая" - в Казахстане и многих ”День единства...