Судья мінбері | Судебная система

Гендерлік теңдік – уақыт талабы!

Еліміз Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап гендерлік теңдік мәселесіне айрықша көңіл бөліп келеді. Бірінші рет заңнамада «гендерлік теңдік» деген ұғым бекітілді, ол ер мен әйелдің жынысына қарамастан өмірдің саяси, әлеуметтік, қоғамдық және мәдени салаларына белсене қатысуға нақты қол жеткізу және теңдей мүмкіндік және де тең құқықты қамтамасыз ететін құқықтық мәртебе деп танылды. Сондықтан елімізде жыл өткен сайын гендерлік тендік мәселесі оң шешімін тауып келеді.

Соның айғағы әйелдердің қоғамдық өмірде өз орнын табуы, саяси экономикалық жылжуы, әйелдер және олардың отбасы денсаулығының жақсаруы, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою мақсатында елімізде көптеген жұмыстар атқарылуда.

Гендерлік теңдікті шешу үшін 1995 жылы Мемлекет Басшысымен ҚР Президенті жанындағы демографиялық саясат және отбасы, әйелдер мәселелері бойынша Кеңес құрылып, бірінші рет әйелдердің жағдайларын жақсартудың мемлекеттік саясаттың тұжырымдамасы жасалынды. 1998 жылы Кеңес ҚР Президенті жанындағы отбасы және әйелдер істері бойынша Халықтық комиссия болып қайта құрылды. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда «Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы», «Тұрмыстағы әйелдің азаматтығы туралы» және «Әйелдердің саяси құқықтары туралы», «Азаматтық және саяси құқықтар туралы» халықаралық пактілер, «Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы» жыныстардың тепе-теңдігіне қатысты, барлық негізгі конвенциялар ратификацияланды. Қазіргі уақытта Қазақстан адам құқықтары бойынша, соның ішінде жыныстар арасында тең құқылықты қамтамасыз етуге және әйелдер мен балаларды қорғауға бағытталған 20-дан астам әртүрлі шарттар мен конвенциялардың қатысушысы. Қазақстанда Үкімет қаулысымен республикадағы әйелдердің жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралардың ұлттық жоспарын жасап, бекітті. ҚР Конституциясының 33-бабына сәйкес, азаматтар мемлекет істерін басқаруға тең құқықтар мен мүмкіндіктерге ие.

Қазақстан тәуелсіздік жылдардың ішінде сонымен бірге ерлер мен әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында нақты жетістіктерге жетті. Дегенмен қазіргі уақытта гендерлік теңсіздік мәселесі әлі де бар. Жағдайды жақсарту және гендерлік саясатты одан да белсенді дамыту үшін халықтың барлық бөлімдерімен белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында гендерлік болашақты жаңарту мақсатында жұмыстар атқарылуда.

Кусаинова Балнур Бауржанқызы, Алматы қаласы Медеу аудандық №2 сотының сот приставы

Комментарий