2035 жылға қарай Астана халқының саны қанша болады?

Астана халқының саны 2035 жылға қарай 2,3 миллион адамға жетуі мүмкін. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары — ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында ол министрлік Астана мен Ақмола облысының әкімдіктерімен бірлесіп, Астана агломерациясын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасын әзірлегенін атап өтті.

«Қазіргі уақытта Астана агломерациясы аумағына Астана және облыс халқының 40 пайызы тұратын Ақмола облысының үш ауданының 46 елдімекені және Қосшы кіреді. Соңғы 10 жылда Астана халқы 46 пайызға өсті. Болжам бойынша, 2035 жылға қарай елорда халқы 2,3 миллион адамға жетеді.

Агломерация мекендерінен Астанаға күнделікті маятниктік көші-қон 200 мыңнан астам адамды және 30 мың автокөлікке жетеді. Осыған байланысты елордада инфрақұрылымның барлық түріне жүктеменің артуына, қала шеттерінің кеңеюіне, ыңғайлы көлік жүйесінің болмауына және әлеуметтік нысандардың тапшылығына алып келетін бірқатар проблемалар байқалады», — деді Байбазаров 27 ақпанда өткен Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, жоғарыда аталған мәселелерді шешу үшін әзірленген кешенді жоспарда бірқатар жүйелі шаралар қарастырылған.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.