12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

2026 жылы зейнетақы қанша теңгеге өсетіні белгілі болды

2026 жылы Қазақстанда ең төменгі зейнетақы мөлшері өседі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұған дейін 2026 жылы Қазақстанда ең төменгі базалық зейнетақы, ынтымақтық зейнетақы төлемдері және өзге де көрсеткіштер 10%-ға ұлғайтылатынын жаздық. Айта кетейік, өсім 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген.

2026 жылы елімізде ең төменгі зейнетақы мөлшері 69 049 теңгеге дейін ұлғаяды. Қазіргі уақытта ол 62 771 теңгені құрайды. Осылайша өсім 6 278 теңге болады.

Сонымен қатар базалық зейнетақы төлемі де артады. 2025 жылы оның мөлшері 32 360 теңге болса, 2026 жылы 35 596 теңгеге дейін көтеріледі. Өсім көлемі – 3 236 теңге.

Зейнетақы неден құралады?

Қазіргі таңда Қазақстанда зейнет жасына шығу жасы ерлер үшін – 63 жас, әйелдер үшін – 61 жас. Бұл норма 2028 жылға дейін сақталады. Қазақстандағы зейнетақы үш бөліктен тұрады:

  • Ынтымақты зейнетақы – 1998 жылға дейін еңбек етіп, бұрынғы зейнетақы жүйесіне жарна аударған азаматтарға мемлекет есебінен төленетін зейнетақы.
  • Базалық зейнетақы – барлық зейнеткерлерге берілетін мемлекеттік төлем. Оның мөлшері еңбек өтілі мен сақтандыру өтіліне байланысты.
  • Жинақтаушы зейнетақы – азаматтың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) жинаған қаражаты. Ай сайын жалақының 10 пайызы жеке зейнетақы шотына аударылады.

2026 жылы индексациядан кейін ең төменгі зейнетақы мөлшері 104 645 теңге, ал ең жоғары зейнетақы 238 412 теңге болады.

Орташа көрсеткіштер

Бюджет жобасында орташа зейнетақы мөлшерлері де көрсетілген. Құжатқа сәйкес:

  • орташа зейнетақы:
    2026 жылы – 103 687 теңге,
    2027 жылы – 108 940 теңге,
    2028 жылы – 113 995 теңге;
  • орташа базалық зейнетақы:
    2026 жылы – 54 082 теңге,
    2027 жылы – 58 276 теңге,
    2028 жылы – 61 527 теңге.

Бұл төлемдер алдағы жылдары кезең-кезеңімен өсіп отырады.

Айта кетсек, 2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 516 мың адам.

1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдер өседі

2026 жылы еңбекке жарамсыздық және асыраушысынан айырылу бойынша төлемдер көбейеді.

2026 жылғы қаңтарда 12 күн демалыс: Қазақстандықтар қалай демалады?

2026 жылғы қаңтар айында қазақстандықтарға 12 демалыс күні беріледі.

2026 жылдан бастап Қазақстанда жеке куәлік тегін беріледі

ІІМ бұл құжатты алғаш рет рәсімдегендер мен жарамдылық мерзімі аяқталған кезде ауыстыратындар үшін осындай мүмкіндік беріп отыр.

Остановить практику смертей за решеткой

МАЖИЛИСМЕНЫ ОБЕСПОКОЕНЫ КРИТИЧЕСКИМ УРОВНЕМ СМЕРТНОСТИ В СЛЕДСТВЕННЫХ ИЗОЛЯТОРАХ И...

Туды көлікке ілуге бола ма? Министрлік мәлімдеме жасады

Мәдениет және ақпарат министрлігі мемлекеттік туды көлікке іліп жүруге қатысты пікір білдірді.