2025 жылы студенттер үшін қандай өзгеріс болмақ?

2025 жылы университет және колледж студенттері үшін стипендия 2 есе, магистранттар мен докторанттар үшін 1,75 есе артады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап стипендия былай өзгереді:

  • бакалавриат студенттеріне стипендия 52 372 теңгеге дейін,
  • ал педагогикалық және медициналық бағыттардағы білім алушыларға 84 000 теңгеге дейін,
  • магистранттарға 117 098 теңгеге,
  • докторанттарға 262 500 теңгеге дейін өседі.

Студенттердің кейбір санаттары үшін стипендияға үстемеақы белгіленді. Оларға мына студенттер құқылы:

  • Жоғары немесе кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орнынан кейінгі білім алатын көру және есту қабілеті бұзылған адамдарға бакалавриат студенттеріне – 94 651 теңге,
  • магистранттарға – 204 921 теңге,
  • докторанттарға – 459 375 теңге үстемеақы белгіленді.

Еске салайық, бұған дейін ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2028-2029 оқу жылына дейін стипендия 100 пайыз өсетінін айтты. 

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылы қорытындыланды

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының жабылу салтанаты...

2027 жылы қажылыққа Қазақстаннан қанша адам бара алады?

Қазақстанға 2027 жылы қажылық парызын өтеуге 4 300 орын...

Азия ойындарында аяқ киім үшін алтын жүлдеден қағылған спортшыға пәтер берілді

Жеңіл атлетикадан ұлттық құрама сапында өнер көрсететін Ясмина Тоқсанбаеваға...

ДДСҰ коронавирустың жаңа штамы бойынша белгілерін атады

Солтүстік Америка мен Еуропада таралып жатқан коронавирустың PJ.2.1 штамының...