2025 жылдың басынан бері мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

2025 жылдың басынан бері 4,4 мыңнан аса этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

1991 жылдан бері республикаға 1 млн 152 мыңнан аса этникалық қазақ оралды.

Қай елдерден келді?

Жыл басынан Қазақстанға қандастардың 45,8%-ы Қытайдан, 40,9%-ы Өзбекстаннан, 5,4%-ы Түрікменстаннан, 3%-ы Монғолиядан, 2,3%-ы Ресейден және 2,6%-ы басқа елдерден келген.

Еңбекке қабілеттілер саны

«1 мамырдағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 59,7%, еңбекке қабілетті жастан кішілер саны 31,9% және зейнеткерлер саны 8,4% болады», — деп жазылған хабарламада.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 17,4%-ы жоғары білімді, 26,8%-ы орта кәсіби білімді, 53,6%-ы жалпы орта білімді және 2,2%-ының білімі жоқ.

Қай өңірлерге қоныстанып жатыр?

Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанған. Қандастарды қоныстандыру үшін мынадай еңбек күші тапшы өңірлер анықталған: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.

Елімізге көптен күткен көктемгі жылу қашан келеді?

Бұл сұраққа Қазгидромет синоптиктері жауап берді.

Мұнайдың қымбаттауы Қазақстан бюджетіне қалай әсер етеді?

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мұнай бағасының қымбаттауынан Қазақстанға түсетін қосымша пайда туралы сұраққа жауап берді.

Ораза айт — 2026: қай күні тойланады және мерекенің мәні неде?

Ораза айт – мұсылмандар үшін маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіреді және бір ай бойы ұстаған оразаның қорытындысы саналады.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.