2025 жыл қасиетті Рамазан мен Ораза айт күні белгілі болды

2025 жылы қасиетті Рамазан айы 1 наурыз күні басталып, 29 наурыз күні аяқталады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасиетті Қадір түні наурыз айының 26-нан 27-не қараған түні болады. 30 наурыз күні елімізде Ораза айт басталып, үш күн жалғасады. Құрбан айт 6 маусымда басталып, 8 маусымда бітеді. Егер 6 маусым жұмыс күніне тұспа-тұс келсе, онда қазақстандықтар бір күн демалады.

Кімдерге ораза ұстау міндетті емес?

Рамазан айында жүкті және емізулі баласы бар әйелдер, науқас және қарт адамдар, жеті жасқа толмаған балалар, сондай-ақ жеке себептермен ораза ұстай алмайтындар (мысалы, жорықтағы сарбаздар мен ұзақ сапардағы жолаушылар) оразадан босатылады.

Рамазан кезіндегі шектеулер

Рамазанда ауыз бекіткен жан тамақ ішуден, шылым шегуден және жұбымен жақындасудан бас тартады. Сондай-ақ бұл айда өтірік айту, жала жабу, агрессия көрсету, тәкаппарлық және ысырапшылдыққа жол беруге де тыйым салынған. Бұл шектеулер адамның өзін-өзі бақылауын күшейтіп, рухани дамуына ықпал етеді. Ораза ұстамайтын адамдар өзгелердің көзінше әдейі тамақтанудан немесе шылым шегуден аулақ болғаны жөн.

Рамазанға дайындық

Рамазанға дайындық — ізгі істерге ниеттеніп, жақсы амалдар жоспарын құру, бұрын қаза болған оразаны өтеуден басталады. Ауыр тағамдар мен зиянды әдеттерден алдын ала бас тарту да пайдалы. Сондай-ақ ораза ұстау ережелерін мұқият зерттеп, қасиетті айды барынша тиімді өткізу маңызды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) ислам мерекелерінің нақты күндері жаңа айдың тууына байланысты өзгеруі мүмкін екенін атап өтті.

Елімізде кейбір мемлекеттік награданы беру тәртібі өзгерді

Мемлекеттік ордендер тізіміне тарихи тұлғалардың есімімен аталған наградалар енгізілді.

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен әйелге айыппұл салынды

Ақтауда мектеп басшысының әйелі тазалықшының шелегін теуіп, оны балағаттағаны үшін ұсақ бұзақылық жасаған деп танылды.

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді 

Жиын барысында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді.

Қазақстан ажырасу бойынша әлемнің ТОП-15 еліне кірді: АҚШ-пен көрсеткіші бірдей 

Зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстанда 15 жастан асқан әрбір 1000 адамға шаққанда ажырасу коэффициенті 2,9 болған. Бұл көрсеткішпен еліміз 66 мемлекеттің арасында 14-орынға орналасқан.

Мектептерге жаппай Face ID жүйесін енгізу жоспарланып отыр

Қазақстандағы барлық мектепте Face ID технологиясы арқылы кіруді бақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр.