12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

2025 жылға дейін Қазақстанда 2400 МВт экологиялық таза энергия іске қосылады

Алдағы жылдары 2400 МВт экологиялық таза энергия іске қосылады. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жұмыс орындары 13 инвестициялық келісімді іске асыру жолымен жұмыс істеп тұрған электр станцияларын жаңғыртуды жүзеге асыру кезінде құрылады. 1600 МВт қосымша қуат іске қосылады. 2025 жылға қарай елдің оңтүстік өңірлерінде маневрлік режимі бар, жиынтық қуаты шамамен 1 000 МВт бу-газ қондырғыларын салу жөніндегі жобаларды аяқтау болжанып отыр. Сондай-ақ, 2025 жылға дейін 2400 МВт экологиялық таза энергияны іске қосу жоспарланған», — деді Б. Ақшолақов.

Оның айтуынша, Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Батыс аймағының электр желілерін күшейту бойынша «KEGOC» АҚ Батыс Қазақстан мен Атырау облыстары арасында 220 кВ транзиттің екінші тізбегін салу жөніндегі жобаны бастады.

«Сонымен қатар Алматы қаласының кабельдік желілерін қайта жаңарту жүргізілетін болады. Аталған жобаларда 21 мың жұмыс орны іске қосылады деп жоспарланып отыр. Оның арасында 1 000 тұрақты және 20 000 уақытша жұмыс орнын құруға мүмкіндік бар», — деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Болат Ақшолақов мұнай-газ жобалары аясында 2,5 мың тұрақты және 12 мың уақытша жұмыс орны құрылатынын айтты.

Укрепление экономической интеграции

Казахстан и Кыргызстан намерены вывести двустороннее сотрудничество на качественно...

Дорожная карта индустриализации

В прошлом году в Казахстане был принят Национальный проект...

Семь раз отмерь…

Как известно, Казахстан намерен построить атомную электростанцию, об этом...

Смаилов поручил ТЭЦ провести внеплановые проверки

Премьер-министр Алихан Смаилов поручил провести внеплановые проверки тепловых электростанций, передает...

Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды

Премьер-министр Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды, -...