2024 жылы ең төменгі жалақы және АЕК мөлшері қанша болады?

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа көрсеткіштер күшіне енді. Бұл қатарда зейнетақы, ең төменгі жалақы және айлық есептік көрсеткіш те бар, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап АЕК 3692 теңгеге дейін өсті. АЕК салықтар мен міндетті жарналарға, әкімшілік айыппұлдар мен қылмыстық жазаларға, заңды тұлғалардың экономикалық көрсеткіштеріне, жәрдемақыларға және айлық есептік көрсеткіштердің белгілі бір саны бойынша өлшенетін басқа да әлеуметтік төлемдерге әсер етеді.

АЕК әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін қолданылады, мысалы:

  • міндетті зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті медициналық сақтандыру сыйақылары;
  • бала туған кездегі біржолғы төлемдер;
  • ай сайынғы жұмыссыздық бойынша жәрдемақы мөлшері;
  • еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша ай сайынғы жәрдемақы мөлшері;
  • 1,5 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы мөлшері;
  • 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы жәрдемақы мөлшері.

Ең төменгі жалақы (ЕТЖ)

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ең төменгі жалақы 85 мың теңге болады. Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушілер жұмысшыларғе осы ең төменгі жалақыдан төмен емес деңгейде жалақы төлеуге міндетті.

Зейнетақы

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақының ең төменгі мөлшері — 57 853 теңге, жиынтық + базалық — 86 068 теңге, ал базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 28 215 теңгеге дейін өзгерді.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі

Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы — 43 407 теңге. Күнкөріс деңгейі мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшеріне де әсер етеді.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...