2022-2023 оқу жылына бөлінген гранттар тізімі жарияланды

2022-2023 оқу жылына бөлінген білім гранттары тізімі жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Магистратураға түсуге 13 мыңнан аса грант, докторантураға 1800-ден аса грант бөлінген.

2022-2023 оқу жылына мамандықтар бойынша бөлінген білім беру гранттары тізімі Ұлттық тестілеу орталығының веб-сайтында жарияланды: бакалавриат, магистратура, докторантура.

«2022-2023 оқу жылында бакалавриатқа қабылдау үшін министрлік 73 мыңға жуық грант бөлді. Ең көп грантты «Машина жасау, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс индустриясы» білім беру бағдарламалары тобы алды, саны — 17 794 грант. «Педагогикалық ғылымдар» – 10 810 грант, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» – 9 103 грант, «Жаратылыстану, математика және статистика» – 6 288 грант.

Техникалық салаларға ерекше назар аударылды, онда мемлекеттік тапсырыстар үлесі 60 пайызға дейін ұлғайтылды», — деді Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері.

2027 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер өседі 

Еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылғандарға төленетін әлеуметтік төлемдер 8,5%-ға өседі.

Алматы тауларында жоғалған Корея азаматы әлі табылмай жатыр

Алматы тауларында 28 қыркүйекте жоғалып кеткен Корея Республикасының 73 жастағы азаматы әлі іздестіріліп жатыр.

Пәтер, ипотека және бизнес: Неке шартын жасасу кезінде нені ескеру керек? 

Неке шарты – бұл жұбайларға мүлік, отбасылық шығындар және қаржылық міндеттемелер туралы алдын ала келісіп алуға көмектесетін маңызды құжат.

Реализация МЭКС: Канат Бозумбаев поручил привлечь больше банков к финансированию модернизации коммунальных сетей

В Алматы под председательством заместителя Премьер-министра Каната Бозумбаева состоялось...