20-дан астам стример заңсыз контент таратқаны үшін жауапқа тартылды – ІІМ 

Ішкі істер министрлігі интернет пен әлеуметтік желілерде құқыққа қайшы контенттің таралуына қарсы жұмыстарды жалғастырып жатыр. Ведомствоның мәліметінше, республика бойынша заң талаптарын бұзған 20-дан астам стример әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Министрлік мәліметінше, стримерлер тікелей эфир барысында балағат сөздер айтып, әдепсіз әрекеттер көрсеткен, қауіпті пранктер ұйымдастырып, өзге азаматтардың ар-намысына тиетін әрекеттерге барған. Мұндай контенттің кәмелетке толмағандар үшін де қолжетімді болуы ерекше алаңдаушылық туғызады.

Атап айтқанда:

  • Шымкентте TikTok-та тікелей эфир кезінде бейәдеп сөздер қолданған 48 жастағы тұрғын сот шешімімен 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
  • Талдықорғанда бұрын да осындай құқық бұзушылық жасаған 44 жастағы тұрғынға әкімшілік айыппұл салынды.
  • Павлодарда көлік жүргізіп отырып тікелей эфирге шыққан, балағат сөздер айтып, қауіпсіздік белдігін тақпаған 26 жастағы азамат 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
  • Түркістанда TikTok-та бірнеше аккаунтпен танымал азаматша тікелей эфирлердегі бейәдеп сөзі мен агрессивті әрекеті үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төледі.

ІІМ цифрлық кеңістікті заңсыз контенттен тазарту және қоғамдық тәртіпті бұзған азаматтарды жауапкершілікке тарту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын мәлімдеді. Ведомство заң талаптары интернетте де, күнделікті өмірде де барлық азамат үшін бірдей міндетті екенін еске салды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты.Ақорда резиденциясының...

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.