Қоғамдық ой мен рухани құндылықтарды насихаттап жүрген танымал тұлғалардың бірі – Динара Бердімұрат. Жуырда қоғам қайраткерінің өмірлік тәжірибесі мен тағылымды ойларынан құралған нақыл сөздер жинағы жарық көріп, оқырман қауымның ыстық ықыласына ие болды.
Жинаққа автордың адамгершілік, тәрбие, отбасы құндылығы, әйелдің қоғамдағы рөлі, жастар тәрбиесі мен рухани даму туралы айтқан қанатты сөздері енген. Оқырманға ой салатын тағылымды тұжырымдар бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелермен астасып жатыр.
Динара Бердімұрат – бірнеше кітаптың авторы, Қоғам қайраткері, Балаларды қорғау қорының директоры. Қ.Р Президентінің “Бірлік” Алтын медалінің иегері, Ұлт Жанашыры, бірнеше Мемлекеттік Энциклопедиялардың авторы. Балаларға арналған оқулықтардың ұйымдастырушысы, қоғамдық бастамалардың ұйытқысы болып жүрген белсенді тұлға. Ол түрлі әлеуметтік жобаларға қатысып, қоғамдағы маңызды мәселелерді көтеріп келеді.

Жаңа жарық көрген нақыл сөздер жинағы оқырманды ізгілікке, сабыр мен парасатқа үндейді. Автордың «Еңбегің адал болса-жолық ашық болады», «Өз тарихын білмейтін адам- өзін толық танымайтын адам», «Жақсы адамнан жақсы басшы» шығады секілді ойлары көпшіліктің көңілінен шығуда.
Әдеби орта өкілдерінің айтуынша, мұндай жинақтар қазіргі қоғам үшін аса қажет. Себебі қысқа да нұсқа айтылған нақыл сөздер адамды ойландырумен қатар, рухани серпіліс береді. Әсіресе жастарға бағыт-бағдар көрсететін тағылымды ойлардың маңызы зор.
Рухани құндылықтарды дәріптеген еңбек алдағы уақытта кең оқырман қауымға жол тартып, ұлттық таным мен тәрбиенің дамуына өз үлесін қоспақ.
Төменде автордың бір топ нақыл сөздерін назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Ақылды адамдарға нақыл сөздер ұнайды!
Адалдық — ол өте қиын жұмыс!
Бақытты өмір сүру үшін- адал қызмет жасау маңызды!
Тәрбиенің ең асылы- балаларды адалдыққа үйрету
Нәтиже- Еңбекжасағанда ғана болады!
Ауыр еңбектің жемісін жегенде/ қиыншылығын ұмытып қаласың
Еңбек арқылы жалқаулығыңды жеңесің!
Білмейтін нәрсені ешқашан білем деп айтпағын
Қателік- бұл жауапсыздықтың нәтижесі
Әрбір кешірім-ақылдылық
Бұрын күшпен жеңген болсаң/ қәзір біліммен жеңесің
Ақылды адамдар- алғыс айтудан ешқашан жалықпайды
Адамның нағыз адам болуы, өзіне тамаша
Адам да өсімдік тәрізді- не өседі, не қурайды
Адамның ішкі дүниесін тыңдамай ол туралы ештенке айтуға болмайды
Ақылды адамдар ешқашан ренжімейді
Ең күшті адам, өзін өзі басқара алатын адам
Адам өзі жаман болса, оған барлығы жаман болып көрінеді
Тәрбиесі дұрыс емес адамнан парасатты адам шықпайды
Адам өз қателіктерін мойындамаса, ешқашан жетістікке жете алмайды
Достарым өте көп деп мақтанатын адамдардың ешқандай досы жоқ
Адамдардың арасында жүр, бірақ ешкімге масыл болма
Сұрақты дұрыс қою, ғылымның жартысы
Адам көркі жасаған жақсы ісі
Қасыңыздағы адамның кім екенін білгіңіз келсе, оның өзіне пайда әкелмейтін адамдармен қалай сөйлесетініне назар аударыңыз.
Ұлылардың өзі өзіңіз секілді қарапайым адам екенін ұмытпаңыз.
Өте орынды сөйлейтін адам, ешкімнен кешірім сұрамайды
Мұхитқа ұзақ қарасаң адамдарды сағына бастайсың, ал адамдарға ұзақ қарасаң — мұхитты сағынасың.
Жек көру — қорқақ адамның орындай алмаған кегі.
Қуаныш Ерсұңқар


