12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

16 жасқа толмаған қазақстандықтар электр самокатын тізгіндей алмайды

Қазақстанда электр самокаттарын жүргізуге жас шектеуі енгізілмек. Енді 16 жасқа толмаған жасөспірімдер скутерді тізгіндей алмайды. Бұл туралы ІІМ әкімшілік полициясы комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев онлайн брифинг кезінде айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Электр самокатын жүргізушілерден жеке куәлік талап етілмейді. Тек міндетті шарт болады. Электр самокатымен жолға, веложолға, қоғамдық көлік жолағына немесе тротуарға шығатын жүргізушінің жасы 16-дан асқан болуы керек», — деді Мұраталиев. 

Электр самокаттар түнгі уақытта жақсы көріну үшін фарлармен және катафоттармен жабдықталуы тиіс. 

Өзгерістер биыл «Жол жүрісі туралы» заңға, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске және жол жүру ережелеріне енгізіледі. 

Айта кетейік, шілде айының басында Қазақстанда электр самокаттары үшін стандарттар бекітілді. Жаңа ереже бойынша, самокатқа тек бір адам міне алады. Оның жылдамдығы сағатына 25 шақырымнан аспауы тиіс. Ал сағатына 50 шақырымнан аса жүретін самокат жүргізушілері А1 санатындағы жүргізуші куәлігіне ие болуы тиіс. 

Алматыда балабақшалар ЖИ платформаларына қосылады 

Наурыз айынан бастап Алматы қаласындағы мемлекеттік балабақшалардың педагогтері жасанды интеллект (ЖИ) платформаларын тегін қолдана алады.

Қазақстанда кімдер ең жоғары жалақы алады?

2026 жылдың басынан бері Enbek.kz электрон еңбек биржасында 102,7 мың бос жұмыс орны жарияланып, 162,4 мың түйіндеме орналастырылды.

Президент Қазақстан халқын қасиетті Рамазан айымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Халықтық Конституция үшін коалициясының сайты іске қосылды

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясын қолдау» жалпыұлттық коалициясының ресми сайты алдағы референдумға және Жаңа Конституция жобасына арналған.

Тұрғын үй иелері құжаттарын қайта рәсімдеуі керек пе? Министрлік жауабы

Әділет министрлігі "Қазақстанда техникалық паспорты жаңартылмаған үйді сатып-сатып алу мүмкін болмайды" деген қауесетке пікір білдірді.