16 мамырға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» синоптиктері 16 мамырда елдің 15 өңіріндеде үсік, найзағай және тұман болатынын болжады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Абай облысының солтүстігінде тұман түсіп, түнде облыстың батысында 3 градус аяз болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, түнде облыстың шығысында 3 градус үсік болады.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, таңертең және күндіз екпіні 25 м/с-қа жетеді. Облыстың солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі бар.

Шымкентте 16 мамырда таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 25 м/с-қа жетеді.

Атырау облысының батысында найзағай ойнайды.

Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с сақталады. Төтенше өрт қаупі бар.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауады. Ал облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Астанада 3 градус үсік.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында найзағай ойнайды.

Ақмола облысының батысында тұман түседі. Түнде облыстың батысында, шығысында 3 градус үсік болады.

Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында, батысында найзағай, бұршақ. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні — 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, кей уақытта екпіні 23 м/с-қа жетеді. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі бар.

Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні — 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі бар.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні — 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында 2 градус үсік болады.

Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градус үсік болады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Между угрозой и трагедией 

УБИЙСТВА ЖЕНЩИН, СОВЕРШЕННЫЕ СУПРУГАМИ, СТАВЯТ ВОПРОС О ТОМ, НАСКОЛЬКО ЭФФЕКТИВНО В КАЗАХСТАНЕ РАБОТАЕТ СИСТЕМА ПРЕДУПРЕЖДЕНИЯ СЕМЕЙНО-БЫТОВОГО НАСИЛИЯ. ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВО УЖЕСТОЧАЕТСЯ, ПОЛИЦИЯ ВЫНОСИТ ТЫСЯЧИ ЗАЩИТНЫХ ПРЕДПИСАНИЙ, ОДНАКО ТРАГЕДИИ ПРОДОЛЖАЮТСЯ. ДЕПУТАТЫ ПРЕДЛАГАЮТ НОВЫЕ СПОСОБЫ ВМЕШАТЕЛЬСТВА НА РАННЕЙ СТАДИИ – КОГДА УГРОЗЫ И ПРЕСЛЕДОВАНИЕ ЕЩЕ МОЖНО ОСТАНОВИТЬ.

Елімізде жүк көліктері үшін жол ақысы өзгеруі мүмкін 

Қазақстанда коммерциялық жүк көліктерінің жол ақысын төлеу жүйесін жетілдіру мәселесі қарастырылып жатыр.

Қандас мәртебесін алғысы келетіндер нені білуі керек? 

Қазақстанға көшуді жоспарлаған этникалық қазақ қандас мәртебесіне өтініш беруді неден бастайды? Биылғы пилоттық тәртіп бойынша алдымен қазақ тілінен тест тапсырып, сауалнама толтыру және әңгімелесуден өту қажет.

Мұнай бағасы апта қорытындысы бойынша күрт арзандауы мүмкін 

Brent маркалы мұнай бағасы бір аптада шамамен 12%-ға төмендеуі ықтимал.

Су тапшылығы: Қазақстанға қауіп бар ма? 

Қазақстанда су тапшылығы қаупі қаншалықты жоғары және алдағы жылдары елді қандай жағдай күтіп тұр?