15 наурыз — Қайырымдылық жасау күні

Бүгін наурызнама бойынша қайырымдылық күні. Сондай-ақ мейірімділік пен татулық насихатталатын күн.

Қайырымдылық тек материалдық көмек көрсетуде ғана емес, рухани қолдау, көңілі жүдеу адамды жылы сөзбен жігерлендіру де маңызды. Бұл игі дәстүр қоғамда жанашырлық, мұқтажға көмек беру және жақсылық жасауға деген ұмтылысты арттырады. Демек, Наурыз мейрамы өзара көмек пен қайырымдылықтың да мерекесіне айналып келеді.

Қазақ халқында қайырымдылық қашанда қасиетті ұғым саналған. Бүгінде елімізде игі істерге атсалысып жүрген жандар көбейіп, қайырымдылық мәдениеті дамып келеді. Кішкентай жақсылықтың өзі үлкен өзгерістерге бастау бола алады.

Дәстүрлі құндылық ретінде қайырымдылықтың орны біздің қоғамда аса маңызды. Миллиондаған қазақстандықтар атсалысып жүрген қайырымдылық іс-шаралары осыны көрсетеді.Әрбір игі ісіміз – жақсылықтың бастамасы!

Елімізде кейбір мемлекеттік награданы беру тәртібі өзгерді

Мемлекеттік ордендер тізіміне тарихи тұлғалардың есімімен аталған наградалар енгізілді.

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен әйелге айыппұл салынды

Ақтауда мектеп басшысының әйелі тазалықшының шелегін теуіп, оны балағаттағаны үшін ұсақ бұзақылық жасаған деп танылды.

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді 

Жиын барысында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді.

Қазақстан ажырасу бойынша әлемнің ТОП-15 еліне кірді: АҚШ-пен көрсеткіші бірдей 

Зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстанда 15 жастан асқан әрбір 1000 адамға шаққанда ажырасу коэффициенті 2,9 болған. Бұл көрсеткішпен еліміз 66 мемлекеттің арасында 14-орынға орналасқан.

Мектептерге жаппай Face ID жүйесін енгізу жоспарланып отыр

Қазақстандағы барлық мектепте Face ID технологиясы арқылы кіруді бақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр.