Бүгін Наурызнама аясында Қайырымдылық күні аталып өтеді. Бұл – мейірімділік пен татулықты насихаттайтын ерекше күн. Қайырымдылық тек материалдық көмек көрсетумен шектелмейді, сонымен қатар рухани қолдау білдіру, көңілі жүдеу жандарды жылы сөзбен жігерлендіру де маңызды. Мұндай игі дәстүр қоғамда жанашырлықты, мұқтаж жандарға көмек көрсету мен жақсылық жасауға деген ұмтылысты арттырады. Демек, Наурыз мейрамы өзара көмек пен қайырымдылықтың мерекесіне айналып келеді.
Осыған орай #79 мекемесінің ұжымы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №79 мекемесінің бұрынғы бастығы, зейнеткер Нұрлыбек Кітапұлына арнайы барып, хал-жағдайын сұрап, көңілін аулап, көмек көрсетіп, сый-сияпат табыстады.


