14 наурыз — Көрісу күні. Амал мерекесі жайлы не білеміз?

Бүгін – Көрісу күні. 14 наурызда еліміздің батыс өңірлері Наурыз мейрамының басы Көрісу мерекесін атап өтіп жатыр. Бұл күнді Амал мерекесі деп те айтады. Халық қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туыс-туған, көрші-көлеңмен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады. Бір-біріне деген араздық, өкпе-ренішті ұмытып, амандық тілейді. Осыған орай Көрісу қашан және қалай пайда болды, қалай тойланады деген сұрақтарға жауап іздеп көрдік.

Көрісу – жаңа жыл, жаңа өмір, жаңа күн.

Бұл мереке туралы ғалымдар пікірі әрқилы. Көрісу күнін зерттеп, зерделеп жүрген ғалымдардың кейбірі бұл күнді географиялық ерекшеліктермен байланыстырса, кейбірі Наурыз мейрамының алғашқы мерекесі деп қабылдайды. Ал кейбір ғалымдар бұл дәстүрдің шығу төркінін күнтізбенің ауысуымен байланыстырады.

Тарихшылар мәліметіне сүйенсек, 1918 жылдың 24 қаңтарында Халком кеңесі Григориан күнтізбесін қолданысқа енгізеді. Бірақ, екі күнтізбе айырмашылығы 13 күн болып қалған. Соған байланысты 1918 жылдың 31 қаңтарында ескі күнтізбені аяқтап, 14 ақпанда келесі айды бастаған. Осы деректі басшылыққа алса 1 науырыз -14 наурызға тап келеді. Ол — жыл басы, күнтізбедегі көктемнің алғашқы күні саналған.

Оның қашаннан бері тойланып келе жатқаны туралы нақты ақпарат жоқ. Мерекенің шығу төркіні әлі де егжей-тегжейлі зертеуді, жан-жақты салыстырып, зерделеуді қажет етеді.

Көрісу – татулық, мейірімділік, ізеттілік.

Көрісу күні, кей өңірде Амал мерекесі Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан өңірлерінде атап өтіледі. Дегенмен тек батыста тойланған деген жаңсақ пікір. Бұл — қонақжай қазақ халқына ортақ ежелден келе жатқан көктем мерекесі.

Мерекенің шығу тарихы анық болмағанымен, мәні көпке аян. Бұл күні жасы кішілер жасы үлкен әулет мүшелеріне амандық-саулық тілеп, үй-үйді аралайды. Кішкене балалар әр үйден кәде-сый алады. Әр адам міндетті түрде үш үйдің есігін ашу керек деген де бар.

Жыл басында бірін-бірі көріп үлгермеген алыстағы туыс-туған жыл ортасына дейін кездесіп, көрісе береді. Бұл – ұрпақты татулық пен бауырмалдыққа тәрбиелеу, ізеттілік пен мейірімге баулу үрдісі.

Мамандар не дейді?

«Көрісу күнін Наурыз мейрамының бастауы деп айтуға болады. Көрісу дәстүрінің тарихына үңілсек, ертеректе жапан далада қыс айларында мал баққан көпшенді халық бір-бірімен көрісе алмай, бір-бірін тек көктем келгенде Наурыз мейрамына қарай көре алған екен. Сол уақыттан бері көрісу дәстүр ретінде сақталып қалға. Шығыс елдерінің  кезіндегі күнтізбесі бойынша, наурыздың басталуы хамал (амал) айының 1 жұлдызы болып есептеледі. Хамал деп отырғанымыз Тоқты шоқжұлдызының ескі парсыша атауы. Күн мен түн теңеліп, амал кірген сәтте Тоқты шоқжұлдызы туады деген ұғым қалыптасқан. «Наурыз» сөзі «жаңа күн» дегенді білдіреді. Ертеде қазақ бұл күнді «наурыз» демей «амал» деген. Бұл сөздердің айырмашылығы жоқ деуге болады. Ал бұл қазіргі күнтізбе бойынша 14 наурызға сәйкес келіп отыр», — дейді тарихшы Жұлдыз Оспанова.

Ал этнограф ғалым Досымбек Қатранұлы қалай атап өтілетінін, қай жақта аталып жүргенін әңгімеледі.

Этнограф ғалым қазіргі күнде бұл мерекенің қалай атап өтілетініне тоқталды.

«Бұл күні әулеттің үлкендеріне барып, сәлем беріп, көрісіп, «жас құтты болсын» деп амандасады. Кәде-сыйларымен де барып жатады. Ал шаруамен өзге жаққа кетіп қалғандар тіпті жазға дейін келіп амандасса, соның өзі көрісуге жата береді, себебі жыл толғаннан кейін бірін-бірі көрмеді. Ал «Жас құтты болсын» деген не сөз? Бұл — көшпелілердің туған күн тойламайтынын анықтап отыр. Бәрі жасына жас қосқандықтан, осы күні ғана «жас құтты болсын» деген тілекті айтады. Осыдан-ақ, көшпелілерде жеке адамның туған күнін тойлау дегеннің болмағанын біліп отырмыз», — дейді Қатранұлы.

Қазақстанда 5 мыңнан астам оқушы жұмыс істеп жүр

Министрдің айтуынша, елімізде еңбек қызметіне рұқсат етілген 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдердің саны 1,7 миллионға жетеді.

Елімізде көмірден газ бен дизель отыны өндірілмек 

Қазіргі уақытта елде көмір химиясы саласындағы үш ірі жоба жүзеге асырылуда.

Ұлттық қор, тегін тамақ және жазғы демалыс: Қазақстан балаларына қандай жағдай жасалған? 

Қазақстанда балалар саны 6,9 миллионнан асты. Мемлекет білім беру, әлеуметтік қолдау, қауіпсіздік және денсаулық сақтау бағыттарында жаңа бастамаларды іске асырып жатыр.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Балаларды қорғау күнімен құттықтады

Президент биыл «Қазақстан балалары» тұжырымдамасының іске асырыла бастағанын айтып, жас ұрпақты қолдау Әділетті әрі Озық Қазақстанды құру жолындағы негізгі басымдықтардың бірі болып қала беретінін жеткізді.

Қазақстанда 1 маусымнан бастап не өзгереді 

Маусым айынан бастап қазақстандықтарды ипотека, зейнетақы, емтихан, әуе рейстері мен коммуналдық тарифтерге қатысты бірқатар өзгеріс күтіп тұр.