12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

1200 тұтқын мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін — ІІМ

Қазақстанда есірткі қылмысы үшін жаза өзгерді. Заң бойынша «есірткі таратушылар» (закладчик) жазасы жеңілдетілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Енді есірткі жасырумен айналысқан жастар шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуға (ШТМБ) үміттене алады. Ресми деректерге сүйенсек, қазір 16-30 жас аралығындағы шамамен 1200 адам осы қылмыс үшін қамауда отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов мәлімдеді.

Полицейдің айтуынша, өткен жылдың соңында Мемлекет басшысы есірткі қылмысына қарсы іс-қимылды жетілдіруге бағытталған заңға қол қойған. Бұл заң 3 наурыздан бастап күшіне енді.

Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, Қылмыстық кодекстің 297-бабы есірткі сатумен айналысатындар, соның ішінде таратушылар үшін қылмыстық жауапкершілікті сақтап қалды. Алайда, егер қылмыс алғаш рет жасалса және есірткіні өндіру, қайта өңдеу немесе жасау әрекеттері болмаса, жаза жеңілдетіледі.

«Яғни, енді есірткі бизнесін ұйымдастырушылар мен таратушылардың жауапкершілігі ажыратылды. Бұрын олар бірдей баппен сотталатын және жаза бірдей болатын. Президенттің тапсырмасымен ІІМ, мемлекеттік органдар және депутаттар қауымдастығы бірлесіп, өзгерістер енгізді. Осы өзгерістерге сәйкес, есірткі өндіру, қайта өңдеу және жасаумен айналысатындар үшін жаза қатаңдатылып, ал есірткіні байланыссыз (онлайн) тәсілмен тарататындарға жаза жеңілдетілді», – деді Әлжанов.

Жалпы, алғаш рет қылмыс жасаған есірткі таратушылардың жаза мерзімі қысқартылды.

ҚК 297-бабы 1-бөлігі бойынша жаза 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыруды құрайды (бұрын 10 жылға дейін болған). Бұл аз мөлшердегі есірткіге қатысты. 2-бөлім бойынша жаза 6 жылдан 12 жылға дейін болса, енді 10 жылға дейін қысқартылды (ірі мөлшердегі есірткіге қатысты). 3-бөлім бойынша бұрын 10 жылдан 15 жылға дейін жаза қарастырылса, енді 7 жылдан 12 жылға дейін қысқартылды. Бұл – мемлекет тарапынан рақымшылықтың бір түрі.

Сондай-ақ, заңға сәйкес, сотталған «есірткі таратушыларға» шартты түрде мерзімінен бұрын босату (ШТМБ) және жазаның өтелмеген бөлігін жеңіл жаза түріне ауыстыру мүмкіндігі қарастырылған. Әрбір жағдай жеке қаралатын болады.

«Бұл тәсіл қазіргі уақытта қамауда отырған жастарға ертерек босап, жаңа өмір бастауға мүмкіндік береді. Жаза мерзімін қысқарту олардың әлеуметтік бейімделуін жеделдетуге және қылмыстық ортаға бейімделуін болдырмауға көмектеседі», – деді Қуандық Әлжанов.

Сонымен қатар, заң есірткі қылмысын ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында жасағандарға, кәмелетке толмағандарға және білім беру мекемелерінде есірткі сатқан адамдарға жазаны күшейтуді қарастырады.

Қызметтік жағдайын пайдаланып есірткі қылмысын жасаған лауазымды тұлғалар үшін де жауапкершілік күшейтілді. Енді олар 15 жылдан өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына дейін тартылады.

Таксистерге салынатын салық: енді не өзгереді?

Ұлттық экономика министрлігі "салық реформасының теріс әсері бола ма?" деген сауалмен жүгінген таксопарктердің мәлімдемесіне жауап берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтай отырысына қатысады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 14 наурызда Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысады.

13 наурыздан бастап жолдарда қозғалыс шектелуі мүмкін — Қорғаныс министрлігі

ҚР Қорғаныс министрлігі Қазақстандағы жолдардың жекелеген учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер қойылуы мүмкін ресми мәлімдеме жариялады.

Астана “жеке уақыт белдеуіне“ көше ме? Әкімдік жауабы

Астана әкімдігі қала "меншікті уақыт белдеуіне" көше ме?" деген сауалға жауап берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дариға Тілендиеваның отбасы мен жақындарына көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрғиса Тілендиевтің жары, белгілі мәдениет қайраткері Дариға Тілендиева дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты.