Ұлттық қауіпсіздік комитеті Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарлары қайда екенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қаулысы негізінде прокуратураның санкциясымен Кәрім Мәсімов пен Дәулет Ерғожин қылмыстық іс бойынша Астанадағы ҰҚК тергеу изоляторында қамауда отырғанын хабарлады. Іс тергеліп жатыр.

Өз кезегінде Әнуар Садықұлов пен Марат Осиповты ұстау орындары туралы ақпарат Ішкі істер министрлігінің құзырында, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Еске салайық, 2023 жылы 24 сәуірде Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовке, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының экс-орынбасарлары Әнуар Садықұлов, Дәулет Ерғожин, Марат Осиповке қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарған болатын.

Сот істі «Аса құпия» деген белгімен қарады. Кәрім Мәсімов ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 18 жыл бас бостандығынан айырылды. Сонымен бірге мемлекеттік қызметте өмір бойы қызмет ете алмайды және мүлкі тәркіленеді.

Кәрім Мәсімов бұған қоса, генерал шені мен мемлекеттік наградаларынан айырылды.

Тегеран Түркия, Әзербайжан мен Кипрге жасалған шабуылдарға қатысты мәлімдеме жасады

Иран қарулы күштері Кипр, Түркия және Әзербайжанға шабуыл жасаған жоқ. Бұл туралы брифинг барысында Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бағаи мәлімдеді.

Воспитанник досугового центра «Барыс» стал серебряным призёром турнира ASKHATOV OPEN

Воспитанник досугового центра «Барыс» Избакиев Тимур завоевал серебряную медаль...

Қазақстандықтар енді зейнетақы жинағын тіс емдеуге қолдана алмайды

Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылғы 15 ақпандағы "Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрыққа өзгеріс енгізіп жатыр. Бұл өзгерісте зейнетақы жинағын тіс емдеуге пайдалануға тыйым салу көзделеді.

Қазақстан Парламентінің болашағы туралы

Президент бір палаталы Парламентке көшу мәселесін талқылауды ұсынды. Бұл...