114 мың қазақстандыққа мобильді аударымдарға қатысты ескерту жіберілді

Мемлекеттік кірістер комитеті күмәнді ақша аударымдары анықталған азаматтарға хабарлама жолдады.

Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерлік қызметтің белгісі болуы мүмкін банк аударымдарына байланысты 114 мың қазақстандыққа хабарлама жіберді. Алайда әзірге олардан бұл қаражаттың қайдан түскенін түсіндіру талап етілмейді.

Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) «Курсивке» 2026 жылдың бірінші тоқсанында банктер ұсынған жеке тұлғалар туралы мәліметтерді тексеру қорытындысын мәлімдеді. Банктер бір азамат кәсіпкерлікке арналған есепшотты пайдаланбай, қатарынан үш ай бойы ай сайын 100-ден астам адамнан жалпы сомасы 12 ең төменгі жалақыдан (2026 жылы – 1 млн теңгеден) асатын мобильді аударым алған жағдайда бұл туралы МКК-ға ақпарат жолдаған.

Банктер ұсынған мәліметтерді талдау нәтижесінде 114 мың қазақстандық осы талаптарға сәйкес келген.

Бірінші кезеңде оларға тек «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы белгіленген критерийлерге сәйкес келетін ақша аударымдарын алғаны жөнінде хабарлама жіберілді. Бұл олардың дәл қазір аударылған қаражаттың қайдан түскенін түсіндіруге міндетті екенін білдірмейді.

Екінші кезеңде, салық есептілігін тапсыру мерзімі аяқталғаннан кейін, мемлекеттік кірістер органдары банктерден алынған мәліметтерді азаматтардың декларацияларымен салыстырады. Егер айырмашылықтар анықталса, камералдық бақылау рәсімі басталады.

Мұндай жағдайда салық төлеушіге анықталған сәйкессіздіктер туралы хабарлама жолданады. Оны орындау үшін 30 күн уақыт беріледі. Осы мерзім ішінде азамат жаңартылған салық есептілігін тапсыруы немесе қаражаттың шығу тегі туралы түсініктеме беруі тиіс.

Осылайша, қазіргі уақытта жеке тұлғалардың өз шоттарына түскен қаражаттың шығу тегіне қатысты түсініктеме беру міндеті жоқ, өйткені салықтық бақылаудың тиісті рәсімдері әлі аяқталған жоқ, – деп атап өтті Мемлекеттік кірістер комитеті.

Жаңа тарихи кезең – жаңа міндеттер: Тоқаев стратегиялық даму жөніндегі сараптама тобын құрды 

Президент жанындағы жаңа сараптама тобы елдің ұзақмерзімді даму басымдықтарын айқындап, стратегиялық бастамаларды талқылауға қатысады. Оның құрамына кімдер енді?

Алматыда әрбір үшінші жолаушы автобуста жолақысын төлемейді 

Алматыда автобустардың лық толуы қала тұрғындары жиі көтеретін мәселелердің бірі. Әлеуметтік желі қолданушылары қоғамдық көліктегі жолаушылардың бір бөлігі жолақысын төлемейтіндіктен, олардың нақты саны есепке алынбай қалуы мүмкін екенін айтып жүр. Тіпті бұл жағдай қала билігінің автобусқа деген сұранысты бағалауына әсер етуі ықтимал.

Қытай 2030 жылға қарай Айдан су мен оттегі өндіруді жоспарлап отыр 

Қытайдың Айды зерттеу бағдарламасының бас конструкторы У Вэйжэнь бастаған мамандар тобы осы бағыттағы ғылыми-техникалық жоспар әзірлеген.

Қазақстандықтар банктерге 26,7 трлн теңге қарыз: Кім кредит ала алмайды? 

2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының банктер алдындағы кредиттік берешегі 26,7 трлн теңгені құрады.

Оқушылардың қысқы каникул уақыты өзгерді 

Бекітілген кестеге сәйкес, оқушылар 28 желтоқсаннан бастап демалады. Ал сабақ 2027 жылғы 11 қаңтарда қайта басталады.