112 сотталғандардың жалпы сомасы 6 миллион теңгеден асатын мәжбүрлі төлемі бар

2018 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген құрамдары бойынша жәбірленушілерге өтемақы төлеуді қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерді айқындайтын «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» №131-VI ҚР Заңын қабылдады. Қордан жәбірленушілерге өтемақы біржолғы қаржылық төлем түрінде жүзеге асырылады.

«Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» ҚР Заңын орындау мақсатында СҚО бойынша ҚАЖД Петропавл қаласының пробация қызметі бөлімі Солтүстік Қазақстан облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп жәбірленушілердің өтемақы қорына мәжбүрлі төлемдерді өндіріп алу бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде.

2023 жылдың басынан бастап Петропавл қ. ПҚБ бойынша сот үкіміне сәйкес жәбірленушілердің өтемақы қорына жалпы сомасы 6 109 395 теңгеге мәжбүрлі төлемі бар 112 сотталған есептен өтті.

Ағымдағы жылдың басынан бері жәбірленушілердің өтемақы қорына жалпы сомасы 2 867 740 теңгеге 55 сотталғанды мәжбүрлі төлемді толық өтеді, жалпы сомасы 312 100 теңгеге 13 сотталғанды ішінара төледі.

Қазіргі уақытта пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері мәжбүрлі төлемді өтемейтін сотталғандармен белсенді профилактикалық жұмыс жүргізуде, атап айтқанда:

— есепте тұрғандар жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін жұмыспен қамту орталығына жіберіледі;

— инфрақұрылымдық жобалар бойынша бос жұмыс орындарымен танысады;

— ҚР ҚК «Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін не атқару құжатын орындамау» 430-баб ның талаптары түсіндіріледі. Оларға сәйкес қоғамдық жұмыстарға тартудан бастап 5 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін жазаны көздейді.

Петропавл қ. ПҚБ

аға инспекторы

әділет капитаны

М.С.Суюндуков

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

16 наурыз – «Наурызнама» онкүндігі аясында Мәдениет және ұлттық...

Амал мерекесі аталып өтті

Амал күні (Көрісу) – 14 наурызда тойланатын, қыстан аман-есен...

15 наурыз – Қайырымдылық күні

Бүгін Наурызнама аясында Қайырымдылық күні аталып өтеді. Бұл –...

Семейные ценности и ответственность — основа будущего

В учреждении минимальной безопасности в Семей Абайская область был...

Ұлттық салт-дәстүр – ұрпақ сабақтастығы

16 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күніне орай...