1 шілдеден бастап интернет тарифтері қымбаттайды

1 шілдеден бастап ұялы байланыс пен интернет тарифтері қымбаттайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі осыған байланысты «Қазақтелекомға» ескерту жасады. Онда қызмет құны тек шығынға сай белгіленетіні және компанияның заңға қайшы әрекет жасамақ болғаны туралы айтылған.

Ал «Қазақтелеком» 51 тарифтік жоспардың бағасын 5500 — 11 000 теңге аралығында бекітпек. Бұл өзгеріс үйдегі интернет пен ALTEL және Kcell байланыс операторларының тарифтеріне қатысты.

Елімізде кейбір мемлекеттік награданы беру тәртібі өзгерді

Мемлекеттік ордендер тізіміне тарихи тұлғалардың есімімен аталған наградалар енгізілді.

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен әйелге айыппұл салынды

Ақтауда мектеп басшысының әйелі тазалықшының шелегін теуіп, оны балағаттағаны үшін ұсақ бұзақылық жасаған деп танылды.

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді 

Жиын барысында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді.

Қазақстан ажырасу бойынша әлемнің ТОП-15 еліне кірді: АҚШ-пен көрсеткіші бірдей 

Зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстанда 15 жастан асқан әрбір 1000 адамға шаққанда ажырасу коэффициенті 2,9 болған. Бұл көрсеткішпен еліміз 66 мемлекеттің арасында 14-орынға орналасқан.

Мектептерге жаппай Face ID жүйесін енгізу жоспарланып отыр

Қазақстандағы барлық мектепте Face ID технологиясы арқылы кіруді бақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр.