1 қазаннан бастап пойыз билеттері қымбаттайды

Биыл 1 қазаннан бастап қазақстандық пойыздарда жол жүру құнын 20 пайызға арттыру жоспарланып отыр, — деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Бұған дейін Көлік министрлігінің баспасөз қызметі бұл өсім біршама бағытқа әсер ететінін хабарлаған болатын. Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, елімізде 140 жолаушылар бағыты жүріп жатыр, оның 62-сінде тариф бағасы өседі.

«62 маршруттың деректері облысаралық қатынаста жүреді. Олар республикалық бюджеттен субсидияланады. Бұдан басқа, облыстық бюджет субсидиялайтын облысішілік қатынас та бар. Олар жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Tengri Travel редакциясы 1 қазаннан бастап билет бағасын көтеру жоспарланған бағыттардың тізімін жариялады.

  • 75/76 Қызылорда — Петропавл
  • 043/044 Қостанай — Алматы
  • 327/328 Қостанай — Қарағанды
  • 621/622 Қостанай — Арқалық
  • 015/016 Алматы — Петропавл
  • 117/118 Қызылорда — Павлодар
  • 107/108 Жезқазған — Нұр-Сұлтан-1
  • 057/058 Орал — Нұр-сұлтан — Нұрлы жол
  • 55/56 Қызылорда — Көкшетау
  • 122/121 Нұр-Сұлтан-1 — Семей
  • 109/110 Маңғыстау — Ақтөбе
  • 655/656/659/660 Арқалық — Нұр-Сұлтан
  • 337/338 Алматы — Достық
  • 6907/6906 Алматы — Қапшағай
  • 610/609 Қарағанды — Жезқазған
  • 6803/6804 Нұр-сұлтан — Нұрлы жол — Атбасар
  • 6829/6830 Көкшетау — Нұр-Сұлтан — Ерментау
  • 7507/7508 Нұр-Сұлтан — Нұрлы жол — Көкшетау / Володарское
  • 7502/7501 Нұр-Сұлтан-1 — Павлодар
  • 7556/7553 Нұр-Сұлтан-1 — Қарағанды
  • 6857/6858 Қарағанды — Нұр-Сұлтан-1
  • 6842/6841 Шалқар — Сексеуіл
  • 459/460/942 Өскемен — Жалаңашкөл — Достық
  • 001/002 Алматы — Шымкент (Ташкент)
  • 003/004 Нұр-Сұлтан — Нұрлы жол — Алматы 2
  • 010/009 Нұр-Сұлтан — Нұрлы жол — Алматы 2
  • 011/012 Алматы — Шымкент
  • 025/026 Алматы — Шымкент
  • 27/28 Алматы — Орал
  • 031/032 Алматы 2 — Павлодар
  • 041/042 Алматы — Атырау
  • 66/65 Нұр-Сұлтан — Жезқазған
  • 67/68 Нұр-сұлтан — Нұрлы жол — Өскемен
  • 074/073 Алматы — Жезқазған
  • 81/82 Нұр-Сұлтан — Нұрлы жол — Қостанай
  • 85/86 Нұр-Сұлтан — Шымкент
  • 105/106 Алматы — Петропавл
  • 211/212 Алматы — Достық
  • 253/254 Нұр-Сұлтан — Нұрлы жол — Достық
  • 007/008 Алматы — Озинки (Саратов)
  • 013/014 Алматы — Достық (Үрімші)
  • 083/084 Қарағанды — Петропавл (Самара)
  • 113/114 Алматы — Петропавл (Қазан)
  • 145/146 Қарағанды — Петропавл (Омбы)
  • 301/302 Алматы — Шынтақ (Новосибирск)
  • 625/626 Атырау — Ақсарай (Астрахань)
  • 021/022 Қызылорда — Семей
  • 024/023 Ақтөбе — Алматы
  • 034/033 Ақтөбе — Алматы
  • 037/038 Маңғыстау — Семей
  • 045/046 Павлодар — Түркістан
  • 047/048 Нұр-Сұлтан — Нұрлы жол — Атырау
  • 053/054 Нұр-сұлтан — Нұрлы жол — Достық
  • 77/78 Алматы — Маңғыстау
  • 087/088 Алматы — Сарыағаш
  • 139/140 Пресногорьковская — Павлодар
  • 313/314 Атырау — Маңғыстау
  • 351/352 Алматы — Өскемен
  • 353/354 Нұр-Сұлтан — Павлодар — Семей
  • 613/614 Орал — Маңғыстау
  • 623/627/624/628 Нұр-Сұлтан — Қызыл-Ту — Петропавл
  • 691/692 Ақтөбе — Атырау

Осылайша, жеке тасымалдаушыларда да, «Жолаушылар тасымалы» пойыздарында да билет бағасы көтеріледі.

“Енді 15 наурызды Конституция күні ретінде қарсы аламыз“ — Президент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум барысында жүргізілген экзит-полл қорытындысымен танысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституциямыз құтты болсын!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум барысында жүргізілген экзит-полл қорытындысымен танысты

Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнама бойынша Exit poll нәтижесі

Қазақстандықтардың 86,7%-ы «Иә, қабылдаймын» деп жауап берген.

Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді

Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Опера" театры аумағында орналасқан дауыс беру учаскесінде таңдау жасады.

Референдум: Ел бойынша 4,6 млн-нан астам адам өз таңдауын жасады 

Абай облысында келу деңгейі 41,93%-ды құрады. Ақмола облысында бұл көрсеткіш 44,66%, Ақтөбе облысында – 45,73%. Алматы облысында – 40,41%, Атырау облысында – 42,29%. Батыс Қазақстан облысында – 36,59%, Жамбыл облысында – 35,86%.