1 қаңтардан бастап балаларға төленетін төлем: 2024 жылы қанша ақша бөлінеді?

Ұлттық банк Ұлттық қордың 2023 жылға арналған инвестициялық кірісінің көлемін жариялады, оның жартысы қазақстандық балаларға аударылады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық банк Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында Ұлттық қордың 2023 жылдың 11 айындағы инвестициялық кірісі алдын ала мәліметтер бойынша 7,92 пайыз немесе шамамен 4,4 миллиард доллар болғанын хабарлады.

Ұлттық қордың активтерін басқару процесі ұзақ мерзімді инвестициялау қағидаты бойынша құрылғаны атап өтілген. Сондықтан, Ұлттық қор кірістеріндегі қысқа мерзімді құбылмалылықты сіңіру және балалардың шоттарына тұрақты жыл сайынғы төлемдерді қамтамасыз ету мақсатында есептеулерде 18 жылдағы орташа инвестициялық кірісті пайдалану туралы шешім қабылданды.

«2005-2022 жылдар аралығындағы табыс жылдық мәнде 2,6 пайыз немесе 1,4 миллиард доллар болды. Сәйкесінше, 2024 жылы «Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы аясында 2024 жылы 18 жасқа толғандарды қоса алғанда, барлық алушыларға шамамен 695,5 миллион доллар бөлінеді», — деп хабарлады Ұлттық банк.

Төлемдерге сомаларды есептеу үшін жылжымалы негізде есептелетін Ұлттық қордың соңғы 18 жылдағы орташа жылдық табыстылығы пайдаланылатыны, балалардың арнайы жинақтау шоттарына есептелетін инвестициялық табыстың жыл сайынғы сомасы Ұлттық қордың табыстылығына байланысты өзгеріп отыратыны түсіндіріледі.

«Төлемдерді жүзеге асыру тәртібі, төленетін соманы есептеу әдістемесі және алушылардың саны Үкімет 2024 жылдың қаңтарында бекітетін ережелерге сәйкес айқындалады», — деп қорытындылады Ұлттық банк.

Бұған дейін Қаржы министрлігі Ұлттық қордан қаражат 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап балаларға төлене бастайтынын хабарлаған болатын.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...