1 желтоқсанда басталған жаңа бағдарлама бойынша кімдер ипотека ала алады? 

Қазақстанда 1 желтоқсанда басталған жаңа бағдарлама бойынша кімдер ипотека ала алады? «Отбасы банк» басшысы Ләззат Ибрагимова айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, жаңа тұрғын үй бағдарламасы академиялық ғылыммен айналысатын жастарға бағытталған. Қатысушыларды жұмыс беруші белгілейді.

«Отбасы Банк» мәліметінше, ғылыми ұйымдардың бірінші басшылары қол қойған жолдаманы алған бағдарламаға қатысушы төлем қабілеттілігін бағалаудан өту үшін банкке баруы керек.

Биыл қазанда Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Отбасы банк» арасында жас ғалымдарға арналған 2023-2027 жылдарға кредиттеу бағдарламасы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Келісімге сәйкес, Отбасы банк жас ғалымдарды кредиттеу үшін 5 жылға шамамен 16,6 млрд теңге қаржы бөледі.

Министрлікпен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісін аккредиттеу туралы куәлігі бар 29 ЖОО-дан тұратын және 24 ведомстволық бағынысты ғылыми ұйымдар енген тиісті тізбе жасалып «Отбасы банкі» АҚ-на ұсынылды.

«Отбасы Банк» орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай бағдарламаға қатысатын жас ғалымдарға қойылатын талаптар туралы айтты.

«Келісімге сәйкес 40 жасқа дейінгі жас ғалымдардың магистр дәрежесіндегі атағы болуы керек. Гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында ғылыми жобалар мен бағдарламаларға қатысып жүрген ғалымдар қатыса алады. Ғылыми-зерттеу жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс. Бұл жерде ешқандай кезек жоқ. Университеттер мен инстиут басшылығы зерттеумен айналысып жүрген ғалымдарына жолдама беріп, банкке жібереді. Шартқа сәйкес олардың 20 миллион теңгеге дейін несие алуға мүмкіндігі бар», — дейді ол ОКҚ-да өткен брифингте.

Оның айтуынша, ғалым банкке келіп, өзінің төлем қабілетін растағаннан кейін үш айдың ішінде пәтер алуға болады.

«Басты шарт — ғалымның өз атында немесе отбасы мүшелерінің атында үй болмауы керек. Бұл үй сатып алуға берілген алғашқы көмек деуге болады», — дейді Жансұлтан Матай.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...

Қазақстанда қала халқы өсіп, ауыл тұрғындарының саны азайды

2026 жылғы 1 қазанда Қазақстан халқының саны 20,6 миллион адамнан асты. Жыл басынан бері ел тұрғындары 133 707 адамға немесе 0,65% көбейген.

Время перемен и ответственности

ЭКОНОМИЧЕСКИЙ РОСТ, БЛАГОСОСТОЯНИЕ ГРАЖДАН, РАЗВИТИЕ РЕГИОНОВ И ПРАВОВЫЕ ГАРАНТИИ СТАЛИ ГЛАВНЫМИ ТЕМАМИ ОБСУЖДЕНИЯ ПОСЛАНИЯ. ЕГО ПОЛОЖЕНИЯ ПОЛУЧИЛИ ПОЛОЖИТЕЛЬНЫЕ ОЦЕНКИ СО СТОРОНЫ КАЗАХСТАНСКИХ ЭКСПЕРТОВ И ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ ОБЩЕСТВЕННОСТИ, А ТАКЖЕ ВЫЗВАЛИ ИНТЕРЕС ЗАРУБЕЖНОГО ЭКСПЕРТНОГО СООБЩЕСТВА.