Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қай санатта?

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 22-отырысындағы негізгі тақырыптың бірі – өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың құқықтық мәртебесі болды.

Өзін-өзі жұмыспен қам­тыған адам – жаңа Салық кодексіндегі экономикалық белсенді азамат­тардың жаңа санаты. Оған дербес қызмет көрсететін немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркеусіз жұмыс істейтін, жалдамалы еңбекті пайдаланбайтын және салық заңнамасында белгіленген шарттарға сәйкес келетін жеке тұлғалар жатады.

Бұл ретте қолданыстағы заңнама өзін-өзі жұмыспен қам­тығандарды кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызбайды. Нәтижесінде, шағын және орта бизнестің ресми статистикасы азаматтардың аталған санатын есепке алмайды. Бұл Салық пен Кәсіпкерлік, Әлеуметтік кодекстер арасында құқықтық қақтығыс тудырады. Дәл осы мәселе Жобалық кеңсенің қа­ты­сушыларына талқылауға шығарылды.

Жаңа Салық кодексіне сәйкес, өзін-өзі жұмыспен қам­тығандар үшін арнаулы са­лық режімін жеке кәсіпкер ре­тінде тіркелмеген, рұқсат етілген тізбеге сай қызметті жүзеге асыратын, жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын және айына 300 АЕК-тен аспайтын табыс алатын жеке тұлғалар қолдана алады. Осы режім аясында тек әлеуметтік төлем төленеді, ол бар-жоғы – 4%.

Жаңа режім қазірдің өзінде сұраныстың жоғары деңгейін көрсетіп отыр. Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегінше, жыл басынан бері 688,8 мың өзін-өзі жұмыспен қамтушы тіркелген. Оның ішінде 597 мың адам (87%) цифр­лық платформалар (Яндекс, Enrive, Wolt және бас­қалар) арқылы жұмыс істесе, 91,5 мың адам (13%) қызметін өз бетінше жүзеге асырады.

Бұл ретте 84,2 мың өзін-өзі жұмыспен қамтығандар бұрын жеке кәсіпкер болған. Ал 546,4 мың адам бұрын кәсіпкер ретінде тіркеуде болмаған. Осылайша, жарты миллионнан астам азамат алғаш рет ресми жұмыспен қамту секторы мен салық жүйе­­сіне кірді.

Сонымен қатар отырысқа қатысушылар бұдан әрі тал­қы­лау өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың құқықтық мәрте­бесін анықтауды талап ететінін атап өтті. Өзін-өзі жұмыспен қамту экономи­калық қызметтің дербес нысаны, кәсіпкерлікке көшудің аралық кезеңі немесе жұмыс­пен қамтудың ерекше санаты екендігін анықтау қажет. Кәсіпкерлік және Әлеуметтік кодекстердегі одан әрі реттеу осыған байланысты болмақ.

Отырыс барысында Ұлттық экономика министрлігі ЕАЭО елдерінің тәжірибесіне шолу жасады. Беларусь пен Өзбекстанда өзін-өзі жұ­мыспен қамтығандар жұ­мысшыларды жалдай алмайды. Бұл ретте Өзбекстанда олар кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайды. Арменияда микро­кәсіпкерлік режімі бар. Ресей­де кәсіптік табыс салығын қолданатын жеке тұлғалар шағын және орта кәсіпкерлік жүйесіне енгізілген. Дегенмен салық заңнамасында «өзін-өзі жұмыс­пен қамтушы» термині қол­данылмайды.

Талқылау қорытынды­сында Әлеуметтік және Кәсіп­керлік кодекстерде өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың мәртебесін бекітуге қатысты өзгерістерді ағымдағы түзе­тулер пакетіне қоспау тура­лы шешім қабыл­данды. Бұл мәселені қарауға келесі жылы жаңа режімді қол­дану тәжірибесі қалыптасып, оның жұмыс нәтижелері жи­нақталған кезде оралу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ отырысқа қаты­су­шылар өнімді бөлу туралы келісімдер негізінде жұмыс істейтін жер қойнауын пайдаланушылар үшін электр энергиясының теңгерімдеуші нарығындағы операцияларға салық салу мәселесін қарады.

2023 жылғы 1 шілдеден бас­тап елімізде электр энер­гия­сының теңгерімдеуші нарығы сағаттық есепке алумен нақты уақыт ре­жімінде жұмыс істейді. Электр энергиясының жос­парлы және нақты көлемі арасындағы ауытқулар бо­йынша барлық есеп­теулер «Қазақстандық электр энергиясы мен қуаты на­рығы операторы» АҚ арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен қатар қол­да­ныс­­тағы тәртіпке сәйкес, өнімді бөлу ту­ра­лы келісімдермен жұ­мыс істейтін жер қой­науын пайдаланушылар кей­бір жағдайларда теріс теңгерімсіздік көлемі электр энергиясын сатып алуға кеткен шығыннан асып кеткенде өтемақы ала алмайды. Осыған байланысты жиынға қатысушылар бұл мәселені заңнамалық деңгейде қосымша реттеу қажет екенін айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты.Ақорда резиденциясының...

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.